Central Asian Research Index

Izdenister natigeler, 2024, № 4 (104), с. 192-200

М9 КЛОНДЫ ТЕЛІТУШІСІН МИКРОКЛОНДЫ КӨБЕЙТУ

Ақбота Рахатқызы, Лаура Ерболова, Карлыгаш Аубакирова, Жібек Бақытжанова, Нурбол Галиакпаров

Аннотация · Abstract

Алма М9 телітушісі – Батыс Еуропа мен Қазақстанның оңтүстік аймағында бақша шаруашылығы үшін ең перспективті, бірақ in vitro жағдайында қиын көбейтілетін түр. Эксплант ретінде 0,5–2,0 см мөлшеріндегі апикалды және қолтық бүршік сегменттері қолданылды. Микроклондау модификацияланбаған Мурасиге-Скуг (МS) және Woody plant medium (WPM) қоректік орталарына 6-бензиламинопурин (БАП) – 0,5 мг/л; индолил-3-май қышқылы (ИМҚ) және гиббереллин қышқылы (ГҚ) – 0,5 мг/л мөлшерінде қосу арқылы жүргізілді. Сондай-ақ В1 және В6 витаминдері 0,5 мг/л, ал аскорбин қышқылы 1,5 мг/л мөлшерінде қосылды. Ал модификацияланған Мурасиге-Скуг (МS) және Woody plant medium (WPM) қоректік орталарына индолил-3-май қышқылы (ИМҚ) және гиббереллин қышқылы (ГҚ) – 0,01 мг/л; В1 және В6 витаминдері 0,1 мг/л және аскорбин қышқылы 1,0 мг/л концентрациясында болды. Жаңа қоректік орталарға енгізу 4 аптадан кейін жүргізілді. Тәжірбиелер 25–30 экспланттан тұрды және 3 рет қайталанып қоректік ортаға енгізілді. Ең оңтайлы эксплант түрі – апикалды ұштар болды. Олардың регенерация деңгейі модификацияланбаған Мурасиге-Скуг (МS) және Woody plant medium (WPM) қоректік орталарында 1 және 2 ай көшеттеуден кейін сәйкесінше 40% құрады. Сондай-ақ витаминдердің 0,5 мг/л мөлшері экспланттардың 2–3 аптадан кейін өлуіне алып келді. Микроқалемшелер каллус тінін қалыптастырып, 3–4 ай көшеттеуден кейін некрозға ұшырады. Мурасиге-Скуг модификацияланған ортасында БАП 0,5 мг/л, индолил-3-май қышқылы (ИМҚ) мен гиббереллин қышқылын (ГҚ) – 0,01 мг/л, В1 және В6 витаминдері 0,1 мг/л және аскорбин қышқылы 1,0 мг/л қолдану интенсивті каллус түзілу мәселесін толығымен шешті. Осы ортада 1 ай культивациядан кейін экспланттардың регенерациялық қабілеті басқа орталармен салыстырғанда 40,7%-ға жоғары (65,0−85,0% сәйкесінше) болды. Меристемалық тіннің дифференциациясының тоқтауы және экспланттардың некрозы 3–4 ай культивациядан кейін болды.

Сведения · Details