Izdenister natigeler, 2024, № 4 (104), с. 129-143
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚТЫ АЙМАҒЫНДА ӘР ТҮРЛІ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА МАЙЛЫ ЗЫҒЫРДЫҢ (LINUM USITATISSIMUM L.) ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ӨНІМДІЛІГІ
Аннотация · Abstract
Мақалада солтүстік Қазақстанның оңтүстік карбонатты қаратопырағы жағдайында 2023 және 2024 жылдар аралығында майлы зығырды дәстүрлі, минималды және нөлдік технологиямен өсіру барысында зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің дамуы мен таралуы бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Майлы зығырды өсіруде тұқымды себуге дайындауда Seedspor S инновациялық биопрепараты Пилигрим, к.с. химиялық тұқым дәрілегішпен салыстырмалы зерттеліп, тұқымның себу сапа көрсеткіштеріне, танаптық өңгіштігіне және тамыр шірігі ауруының дамуы мен таралуына әсері анықталған. Зерттеу жылдарында орташа жоғары танаптық өңгіштікті биопрепарат қолданылған нұсқа көрсетіп, ол химиялық препарат қолданылған нұсқадан 2,8-3,8% және бақылау нұсқасынан 10,5-11,3% жоғары болған. Алайда, тамыр шірігінің таралуы мен дамуын тежеу және жою кезінде Seedspor S биопрепаратының тиімділігі Пилигрим, к.с. препаратынан төмендеу болған. Әр түрлі технология аясында майлы зығырды өсіруде қорғау шараларының кешенін қолдану тұқымдық инфекцияның, топырақ фитопатогендерінің, вегетация барысында аурулардың, зығыр трипсінің, біржылдық және көпжылдық даражарнақты және қосжарнақты арамшөптердің дамуы мен таралуы деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етіп, бақылау нұсқасымен салыстырғанда 19,4-25,4% қосымша өнім алуға мүмкіндік берген. Майлы зығырдың зерттеу нұсқалары арасында ең жоғары өнімділік көрсеткіші минималды технологияны қолдану аясында алынып, орташа 2 жылда 12,5-12,6 ц/га құраған.
Сведения · Details
- DOI 10.37884/4-2024/13
- Журнал · Journal Izdenister natigeler
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0