Izdenister natigeler, 2021, № 4 (92), с. 119-126
ЦИЛИНДР ТӘРІЗДІ КАРКАСТЫҢ ДИНАМИКАСЫ
Аннотация · Abstract
Өзара параллел орналасқан к саннан тұратын стрингерлерден және оған ортогонол жазықтықта орналасқан l сақиналы шпангоуттардан тұратын каркасты қарастырылған. Алдын ала қарастырылатын каркастың бөлшектерінің әсер ету функциясын анықтау қажет және оған әсер ететін күштің бағыты, сақиналы шпангоуттың орта сызығының жанамасымен бағыттас болған жағдай жан-жақты есептелді. Нәтиже алу үшін алдын ала еркін жүктемелердің әсерінен жұқа цилиндрлік қабыршақты есептеу, оның әсер ету функциясының матрицасын құру қажеттілігі туындап, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Тегіс цилиндрлік қабыршақта, бұл мәселені шешу үшін, алдымен каркасталған цилиндрлік қабыршақты есептеуге мүмкіндік береді, егер қабыршақтан еркін каркастың әсер ету функциялары белгілі болса ғана. Тегіс цилиндрлік қабыршақтың әсер ету функциясының матрицасын есептеуге болады, егер оның физикалық мәні бірлік күштің: тік (нормалдық), өстік және шеңбер бойымен әсерінен әсер ету функциялары болып табылатын алты негізгі элементі белгілі болған жағдайда. Осы жұмыста каркастың динамикалық икемділік функциясы анықталды. Каркастың динамикалық икемділік функциясына әсер ету функцияларын анықтауда қолданылған тәсілдерге сүйеніп анықталынды. Динамикалық икемділік функциясы анықтау үшін арнайы тәсілдерді қолданып қажетті теңдеулер жүйессі алынды.
Сведения · Details
- DOI 10.37884/4-2021/14
- Журнал · Journal Izdenister natigeler
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0