Central Asian Research Index

Izdenister natigeler, 2025, № 3 (107)

ШУ АУДАНЫНДАҒЫ СУ АЙДЫНДАРДЫҢ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН СУ САПАСЫ

Аиида Мұқатай, Светлана Долгополова, Айгерим Айткалиева, Гульмира Аблайсанова

Аннотация · Abstract

Мақалада Жамбыл облысы, Шу ауданында орналасқан Тасөткел су қоймасы мен Ақсу, Ақша көлдерінің гидрохимиялық және гидрологиялық жағдайларының зерттеу нәтижелері келтірілген. Аталған су айдындары өңірдің су ресурстарын сақтау, ауыл шаруашылығы қажеттіліктерін қамтамасыз ету және экожүйелік тұрақтылықты қолдау тұрғысынан маңызды рөл атқарады. Зерттеудің мақсаты – Жамбыл облысы Шу ауданындағы зерттелген үш су айдындарының гидрохимиялық көрсеткіштерін кешенді талдау және олардың гидрологиялық жағдайы мен су организмдері үшін жарамдылығын бағалау. Далалық зерттеулер мен сынамаларды іріктеу 2024 жылдың сәуір айында географиялық және маусымдық факторлар ескеріле отырып жүргізілді. Жүргізілген далалық жұмыстар кезінде су температурасы, рН, судағы еріген оттегі және оттегінің химиялық тұтынуы (ОХТ) анықталды. Зертханалық жағдайда судағы биогендік элементтер, органолептикалық қасиеттер мен минералдану деңгейі талданды. Су айдындарының қоректену ерекшеліктері мен географиялық орналасуына байланысты түсі, мөлдірлігі және жекелеген иондар мен биогендік элементтердің концентрациялары бойынша айырмашылықтар анықталды. Зерттеу нәтижелері судың тұщы және минералдану деңгейі төмен екенін көрсетті. Су сапасының негізгі көрсеткіштері балық шаруашылығына қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Алынған мәліметтер тұрақты мониторинг пен су ресурстарын тиімді басқару үшін негіз бола алады.

Сведения · Details