Central Asian Research Index

Izdenister natigeler, 2025, № 3 (107)

ТҮЙЕ СҮТІНІҢ ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ АСПЕКТІСІНДЕГІ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТОЛЫҚТЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

Бейбірайхан Айтбазар, Ляйла Бупебаева, Мақсат Тойшиманов

Аннотация · Abstract

Мақалада Қазақстанның оңтүстік өңірініңжеке меншік кәсіпкерлік шаруашылықтан алынған қос өркешті түйенің (Camelus bactrianus) сүті жан-жақты сарапталып, оның органолептикалық, физико-химиялық, аминқышқылдық және май қышқылдық құрамы анықталды. Сүт табиғи жағдайда сауылып, үлгілер санитарлық талаптарға сай жағдайда зертханаға жеткізілді. Органолептикалық көрсеткіштер бойынша (түсі, дәмі, иісі, консистенциясы) өнімнің балғын, жоғары сапалы және тұтынуға жарамды екені расталды. Физико-химиялық зерттеулер нәтижесінде сүт құрамында майлылық 6,0%, ақуыз 3,81%, тығыздығы 1030,9 г/л, ал лактоза мөлшері 4,78% екені анықталды. Бұл түйе сүтінің қоректік және биологиялық құндылығы жоғары өнім екендігін дәлелдейді. Аминқышқылдық талдау барысында 18 аминқышқыл анықталды, олардың ішінде лейцин, гистидин және аргининнің мөлшері жоғары. Аминқышқылдық скор нәтижелері ФАО/ДДСҰ эталондық шкаласымен салыстырылып, кейбір шектеуші аминқышқылдарының (изолейцин, валин, лизин) жетіспейтіндігі анықталды. Газды хроматография әдісімен май қышқылдарының 30-дан астам түрі тіркеліп, олардың ішінде пальмитин, пентадецен, тридекан және элаидин қышқылдары айтарлықтай жоғары концентрацияда болды. Сондай-ақ, Омега-3 және Омега-6 май қышқылдарының болуы (альфа-линолен, ЭПА, ДГК, линол) бұл өнімнің жүрек-қантамыр, жүйке және иммундық жүйелер үшін пайдалы функционалдық қасиеттерін айғақтайды. Зерттеу нәтижелері қос өркешті түйенің сүті биологиялық тұрғыда құнды әрі болашақта функционалды тағам өнімдерін өндіруге арналған перспективалы шикізат көзі ретінде қолдануғаболатынын көрсетеді.

Сведения · Details