Central Asian Research Index

Izdenister natigeler, 2025, № 3 (107)

ҚЫЛШЫҚ ЖҮНДІ ҚҰЙРЫҚТЫ САРЫАРҚА ҚОЙ ТҰҚЫМЫНДА (ЖАҢААРҚА ТИПІ) ӨНІМДІЛІГІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ КАНДИДАТ ГЕНДЕРДІ ТАЛДАУ

Айнұр Орақбаева, Қайрат Досыбаев, Шолпан Адылканова, Алтынай Қожахмет, Марина Ермекова, Тілек Қапасұлы, Мақпал Амандықова

Аннотация · Abstract

Сарыарқа қой тұқымы Қазақстанда өсірілетін құйрықты қылшық жүнді қой тұқымдарының бірі, жоғары ет өнімділігімен және өсімталдығымен ерекшеленеді. Қойлардың тірі салмағы мен морфометриялық көрсеткіштері селекциялық жұмыста, әсіресе ет бағытындағы өнімділікті арттыруда маңызды фенотиптік белгілер болып табылады. Бұл зерттеу жұмысы Сарыарқа құйрықты қой тұқымында тірі салмақ және сегіз негізгі дене өлшемдерін (шоқтығының биіктігі, құймышақ биіктігі, кеуде ені, кеуде тереңдігі, тұрқының қиғаш ұзындығы, сербек аралық ені, кеуде орамы, жіліншік орамы) бойынша SNP маркерлерімен геномдық ассоциацияны (GWAS) анықтауға бағытталды. Зерттеуге 60 қойдың қан үлгілері алынып, олардан геномдық ДНҚ молекуласы бөлінді және OvineSNP50 Genotyping BeadChip арқылы генотиптеу жүргізілді. Анықталған SNP маркерлері BioMart платформасы арқылы Ovis aries (Oar_v3.1) геномына сәйкестендірілді. Қорытындысында тірі салмақ пен төрт морфологиялық көрсеткішке байланысты алты кандидат ген анықталды: IGFBP6, ST7, SCD5, DTNBP1, KYNU және FTO. Зерттеу нәтижелері Сарыарқа қой тұқымында ет өнімділігімен байланысты молекулалық маркерлерді анықтауға мүмкіндік беріп, маркерлік селекцияны дамыту үшін нақты ғылыми негіз қалыптастырады. Бұл болашақта қой шаруашылығында мақсатты және тиімді генетикалық іріктеу жұмыстарын жүргізуге жол ашады.

Сведения · Details