Central Asian Research Index

Izdenister natigeler, 2025, № 3 (107)

ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰЙРЫҚТЫ ҚЫЛШЫҚ ЖҮНДІ ҚОЙ ТҰҚЫМЫНДА IGFBP3 ГЕНІНІҢ ПОЛИМОРФИЗМІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ФИЛОГЕНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Марина Ермекова, Зулхарнай Бектасов, Алтынай Кожахмет, Қайрат Досыбаев, Тілек Қапасұлы, Рауан Амзеев, Мақпал Амандықова

Аннотация · Abstract

Бұл зерттеу қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымында IGFBP3 генінің полиморфизмін зерттеуге бағытталған. Зерттеуде РФҰП және Сэнгер әдістері қолданылды. 380 қой үлгісінің перифериялық қандарынан ДНҚ алынып, оның сапасы мен концентрациясы спектрофотометрия және агарозды гельде электрофорез арқылы анықталды. IGFBP3 генінің полиморфизмдерін анықтау үшін ПТР және HaeIII рестриктаза ферментімен өңдеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 6 болжамды полиморфизм анықталды. Секвенирлеу нәтижесінде 335 позицияда C>G ауысуы және 111 Аla>Gly амин қышқылының ауысуынан туындаған миссенс мутациясы анықталды. Алынған мәліметтер негізінде қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының NCBI базасындағы басқа қой тұқымдарымен филогенетикалық талдау жасалды. Филогенетикалық ағаш екі кластерден құралды. Осы зерттеу IGFBP3 генінің полиморфизмін қолдана отырып, қой тұқымдарының селекциялық жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл зерттеу нәтижелері қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымында өнімділікке әсер етуі ықтимал генетикалық маркерлердің болуын алғаш рет ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Алынған деректер генетикалық ресурстарды тиімді пайдалану және жергілікті қой тұқымдарының бейімделгіш қасиеттерін сақтау үшін маңызды.Зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми базаға салыстыру арқылы верификацияланғандықтан, алынған тұжырымдар сенімді әрі қолданбалы маңызы жоғары.

Сведения · Details