Central Asian Research Index

Izdenister natigeler, 2024, № 3(103), с. 322-331

КҮЗДІК БИДАЙ СОРТТАРЫНЫҢ ҚОҢЫР ТАТҚА PUCCINIA TRITICINA ТӨЗІМДІЛІГІН ГЕНЕТИКА-СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОПАТОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Қанат Бахытұлы, Алма Кохметова, Женис Кеишилов, Ангелина Малышева, Канат Мухаметжанов

Аннотация · Abstract

Бидай еліміздің экономикалық маңызды өнімдерінің бірі. Қазақстан бидайды өндіру және экспорттау бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына кіреді. Бидайдың қоңыр тат ауруы оның өнімділігіне тікелей әсер ететін аурулардың бірі. Қоңыр тат ауруы бидайдың жапырақтарында ғана пайда болуына байланысты жапырақтың қоңыр таты деп те аталады. Аурудың қоздырғышы Puccinia triticina саңырауқұлақтары. Жапырақтың қоңыр таты ауруы саңырауқұлақ ауруы болып табылатындықтан, саңыруқұлақтардың жаңа штаммдарды қалыптастыра білу қабілетінің арқасында тат ауруы бұрын соңды ауруға төзімді болған сорттарға да зиян келтіруі мүмкін. Бидайға ауру жұғу үшін аздаған жаңбыр да жеткілікті. Бидайдың гүлдену кезеңінің алдында жапырақты тат өсімдікке айтарлықтай зиян келтіреді. Залалданған саңырауқұлақтар бидайдың жапырағында пайда болатын, дәннің қалыптасуына қажет қоректік заттарды пайдаланады, нәтижесінде бидайдың жапырақтары ерте түсіп, дәнге қоректік заттар жетіспегендіктен дән дұрыс қалыптаспайды, бидай өнімділігі азаяды. Осы себептерге байланысты қоңыр тат ауруына төзімді сорттарды анықтау экономикалық маңызды. Зерттеу объектісі ретінде алынған 30 күздік бидай сорттарын қоңыр татқа Puccinia triticina төзімділігін фитопатологиялық зерттеу және олардың өнімділік элементтеріне құрылымдық талдау жүргізудің нәтижесінде қоңыр татқа төзімділігі және шаруашылық құнды белгілері бойынша Alatau, Alikhan, Almaly, Kyzylbiday, Mayra, Mereke 70, Naz, Raminal, Rasad, Sapaly және Tyngysh сорттары жоғары көрсеткіштер көрсетіп ерекшеленді.

Сведения · Details