Izdenister natigeler, 2024, № 3(103), с. 313-322
BACILLUS THURINGIENSIS – БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗІ
Аннотация · Abstract
Алматы және Ақмола облыстарында жүргізілген маршруттық зерттеулер кезінде Bacillus thuringiensis изоляттарын оқшаулау үшін табиғи субстраттар (топырақ, жапырақ қалдықтары, ағаш қабығы) жиналды. Бұл ретте Алматы және Ақмола облыстарының жағдайында бактериоз белгілері бар қабыршаққанаттылар отрядынан 84 өлі жәндік табылды. Жиналған бактериоз белгілері бар жәндіктердің мәйіттерінен Bacillus thuringiensis бактериясының 30 табиғи изоляттары бөлініп алынды. Бүгінгі таңда изоляттар Жазкен Жиембаева атындағы Қазақ Өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ биотехнологиялық зертханасының микроорганизмдер коллекциясында сақтаулы. Коллекция штаммдары физиологиялық және биохимиялық қасиеттері мен серологиялық идентификациясы негізінде келесі серотиптерге жатқызылды: Bt kurstaki түр тармағы; 3a363c, H4ab – Bt sotto түр тармағы және 31 Bt toguchini түр тармағының серотиптері Штамдардың биологиялық белсенділігін бағалау екінші және үшінші жас мөлшеріндегі алма күйе көбелегінің жұлдызқұрттарына зертханалық сынақ жүргізілді. Эксперимент вируленттілігі бойынша зерттелетін дақылдардың жоғары гетерогенділігін анықтады. Тәжірибе нәтижесінде коллекциялық отыз штамның сегізі (26,6%) зиянкестерге қарсы биологиялық белсенділіктің жоғары көрсеткішін көрсетті (90-100%). Сондай-ақ бактерияның ауылшаруашылық зиянкестерге қарсы әсері, оның физиологиялық белсенділігінің әлсіреуіне әсер ететіні анықталды. Бұл дегеніміз жұлдызқұрттар тірі қалған жағдайда да, белсенді емес күйде болғандықтан, басқа өсімдіктерге зиян келтіре алмайтындығын көрсетеді.
Сведения · Details
- DOI 10.37884/3-2024/35
- Журнал · Journal Izdenister natigeler
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 1
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0