Izdenister natigeler, 2023, № 3 (99), с. 356-363
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН ИНТРОДУКЦИЯЛАНҒАН ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ АЛМҰРТ СОРТТАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ-ҚҰНДЫ БЕЛГІЛЕРІН БАҒАЛАУ
Аннотация · Abstract
Мақалада Алматы облысының топырақ‒климаттық жағдайларында орташа және кеш пісетін алмұрттың 5 (Ноябрьская, Выставочная, Бере Лигеля, Бере Боск, Ред Анжоу) және 6 (Айдана, Жаздык, Ароматная, Бостандык, Нагима, Талгарская красавица) отандық сорттарын зерттеу бойынша көпжылдық (2020-2022жж.) зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Қыстық төзімділігі, бейімделгіштігі, орташа және максималды өнімділігі бағаланды және тұтынушылық жетілу кезінде алмұрт сорттарына дегустациялық баға берілді. Ең жақсы сорттар негізгі экономикалық құнды белгілердің қайнар көзі ретінде анықталды: ерте пісетіндігі, ауруға төзімділігі, ірі жемістілігі, тартымдылығы, жемістерінің жоғары дәмділігі, одан әрі селекциялық жұмыс үшін өнімділігі. Ең жоғары өнімділікпен қазақ селекциясының Ароматная, Жаздық, Талгарская красавица сорттары және молдаван алмұртының Ноябрьская сорттары ерекшеленді. Керемет дәмдік қасиеттерді Выставочная, Бере Лигеля сорттары және қазақстандық жаздық сорт Жаздық көрсетті. Жергілікті жағдайларға жақсы бейімделу Ноябрьская, Выставочная, Айдана, Бостандык, Ароматная сорттарында байқалды. Таңдалған сорттарды Алматы облысының бау-бақша шаруашылығы үшін тәжірибелік маңызы бар және оларды селекцияда экономикалық құнды белгілерінің донорлық сорттары ретінде және үйде өсіруге де пайдалану ұсынылады.Мақала «Био және IT-технологиялар жетістіктері негізінде жеміс-жидек, жаңғақ және жүзім дақылдарының сорттары мен будандарын құру». ҒТБ БМҚ BR 10765032 аясында даярланған.
Сведения · Details
- DOI 10.37884/3-2023/36
- Журнал · Journal Izdenister natigeler
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 1
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0