Central Asian Research Index

Izdenister natigeler, 2023, № 3 (99), с. 228-237

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДАҒЫ АШЫҚ ҚАРА-ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТА ӨСІРІЛГЕН МАҚСАРЫ ӨНІМДІЛІГІНЕ МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ӘСЕРІ

Ербол Жүсіпбеков, Батырғалий Аманғалиев, Азамат Хидиров, Құралай Байтарақова, Қарлыға Рүстемова

Аннотация · Abstract

Зерттеудің мақсаты ылғалдылығы жеткіліксіз аймақтың ашық қара-қоңыр топырағында минералды тыңайтқыштардың өсіп келе жатқан нормаларын қолданудың тиімділігі және негізгі өңдеудің әртүрлі әдістерінің ылғал динамикасы мен қоректік заттардың құрамы, өнімділігін зерттеу болды. Эксперименттік жұмыс 2022 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданындағы "Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-нің 5,5 га танабында орындалды. Мақсарының барлық вегетациялық кезеңінде минералды тыңайтқыштар аясында топырақтың ылғалмен жақсы қамтамасыз етілуі 73,4-167,4 мм аралығында өңдемей тікелей себу тәсілін қолдану кезінде байқалды, ал аудара жырту және сыдыра өңдеу кезінде 63,4-155,7 мм және 52,6-166,3 мм төмен болғаны айқындалды. Аммиак селитрасын нақты мақсарының 5-6 жұп жапырақ кезеңінде N90-ды енгізгенде топырақта сілтілік гидролизденетін азот жоғары қамтамасыз етілді, ал тармақталу кезеңінде топырақты сыдыра өңдеуде -121 мг/кг, аудара жырту және өңдемей тікелей себуде -100 мг/кг және 95 мг/кг болды. Мақсарының вегетациялық кезеңінде топырақтағы жылжымалы фосфордың мөлшері әр түрлі мөлшерде минералды тыңайтқыштарды қолданған кезде аудара жыртуда – 60-92 мг/кг болды, бұл көрсеткіштің орташа мәні өңдемей тікелей себуде – 55-87 мг/кг болса, ал сыдыра өңдеу кезінде ең төмен – 35-71 мг/кг құрады. Мақсарының көктеу кезеңінен вегетациялық кезеңінің соңына қарай топырақтағы алмаспалы калий мөлшері азайды және оның егін жинау алдында ең аз мөлшері өңдемей тікелей себу тәсілінде - 245-322 мг/кг, орташа көрсеткіштер 10-12 см-ге сыдыра өңдеу кезінде -248-381 мг/кг болғаны байқалды және аудара жыртуда ең жоғары - 268-342 мг/кг-ды құрады. Мақсарының Ника 80 сортының ең жоғарғы өнімділігі өңдемей тікелей себу тәсіліндегі минералды тыңайтқыштардың N60P60K30 орташа мөлшерін қолдану кезінде – гектарына 9,2 центнерді қамтамасыз етті.

Сведения · Details

Профили авторов · Author profiles