Central Asian Research Index

Izdenister natigeler, 2025, № 2 (106), с. 162-171

ФАКУЛЬТАТИВТІ ЖҰМСАҚ БИДАЙ СЕЛЕКЦИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ШОЛУ

Исатай Нұрпейісов, Жұмақыз Кадырбекова

Аннотация · Abstract

Алғышарт және мақсат. Қазақстанда 2013 жылдан бастап алғаш рет Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтының (ҚазЕжӨШҒЗИ) ЖШС факультативті жұмсақ бидай сорттарының мақсатты селекциялық жұмысы басталды және олардың негізгі нәтижелері осы шолу жұмысында ұсынылып отыр. Зерттеудің мақсаты мен жаңалығы факультативті жұмсақ бидай селекциясының әдістемелік қағидаларын анықтау және оның жаңа бәсекеге қабілетті желілері мен сорттарын құру болды. Зерттеу нысаны ретінде халықаралық питомниктерден алынған бидайдың сорттық үлгілері; өндірісте пайдалануға рұқсат етілген Қазақстан Республикасы мен Қырғызстанның сорттары; жаңа буданды популяциялар мен конкурстық сорт сынау питомнигіндегі (КСИ) факультативті бидайдың болащақты желілері алынды. Тәжірибелер Іле Алатауының тау бөктерінде ашық каштан топырақтарында жүргізілді. Зерттелетін нысандар күзде және көктемде егілді. Селекциялық көшеттерді себу, өсімдіктерді есепке алу, бақылау, будандастыру, бағалау, олардың құрылымдық және VRN гендерін талдау, сондай-ақ алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу отандық және шетелдік әдістемелерді пайдалана отырып жүргізілді. Нәтижелер. Факультативті бидай селекциясының әдістемелік қағидалары анықталды, бастапқы материал ретінде жаңа үлгілер, буданды популяциялар және шаруашылыққа құнды белгілері мен биологиялық қасиеттері бойынша болащақты желілер анықталды және құрылды. Қазіргі уақытта бағалы белгілер мен қасиеттер кешені бойынша факультативті бидайдың үздік желілері Мемлекеттік сорттық сынаққа беруге дайындалуда.

Сведения · Details