Central Asian Research Index

Izdenister natigeler, 2025, № 2 (106), с. 121-131

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ОБЛЫСТАРЫ БОЙЫНША, ЖАЗДЫҚ БИДАЙДЫҢ ПИРЕНОФОРОЗ (PYRENOPHORA TRITICI-REPENTIS) АУРУЫНЫҢ ТАРАЛУЫ МЕН ДАМУЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГІ

Женис Кеишилов, Алма Кохметова, Мадина Кумарбаева, Мақпал Нұржұма, Қанат Бахытұлы

Аннотация · Abstract

Бұл ғылыми зерттеу жұмысында бидайдың аса қауіпті ауруы пиренофороздың (P. tritici-repentis) таралуы мен дамуына 2024 жылы мониторинг жұмыстарын жүргіздік. Зерттеу жұмысында Қазақстанның солтүстік аймақтарының (Ақмола және Қостанай облыстары) жаздық жұмсақ және қатты бидай сорттары зерттелінді. Мониторинг нәтижелері бойынша бидайдың пиренофороз ауруының таралуы мен залалдану дәрежесі әр аймақта әр түрлі нәтижелер көрсетті. Ақмола облысы бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жаздық бидай сорттарының көпшілігі пиренофорозға (P. tritici-repentis) төзімсіз екендігі анықталынды. Патогеннің таралу деңгейі 24%-дан 98% аралығында болды, ал аурудың дамуы 6,60%–дан 34,60% аралығын құрады. Зерттеу нәтижесінде Ақмола облысының бидай егіс алқаптарында патогенмен ең аз мөлшерде залалданған Экстенсив сорты болып табылды, патогенмен залалдану деңгейі 6,90%, ал таралу деңгейі 24% құрады. Сонымен қатар, Қостанай облысы бойынша пиренофороздың таралуы мен залалдануын анықтау барысында, (P. tritici-repentis) патогенінің егіс алқаптарына айтарлықтай зиянын тигізгені анықталынды. Айна, Августина, Карабалыкская 7 және Айым жаздық бидай сорттарында қоздырғыштың таралуының жоғары деңгейі 88%, 76%, 74% және 82%-ды көрсетті. Аурудың даму индекісі 6,60%, 10,80%, 8,60% және 22,00%-ды құрады. Қостанай облысы егіс алқаптарында P. tritici-repentis қоздырғышына жоғары төзімділік (IT–R, 0%) танытқан Казахстанская раннеспелая, Хазрет, Ламис және Кудесница сорттары үлкен қызығушылық танытып отыр. Зерттеу нәтижелері бойынша, Ақмола облысында егілген бидай сорттарының барлығы пиренофороз ауруына төзімсіздік танытты. Ал Қостанай облысы, бидай сорттары, Ақмола облысына қарағанда басым бөлігі ауруға жоғары төзімділік танытты. Болашақта P. tritici-repentis-ке төзімділік танытқан барлық бидай сорттарын селекциялық бағдарламаларға пайдалануға ұсынылады.

Сведения · Details