Izdenister natigeler, 2024, № 2 (102), с. 74-84
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ОБЛЫСТАРЫ БОЙЫНША, БИДАЙДЫҢ ПИРЕНОФОРОЗ (PYRENOPHORA TRITICI-REPENTIS) АУРУЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГІ
Аннотация · Abstract
Сары дақ (пиренофороз) – Қазақстанның оңтүстік және солтүстік бидай өсірілетін аймақтарында ең зиянды және кең таралған ауруларының бірі болып табылады. Сорттардың пиренофороз қоздырғышына төзімді не төзімсіз екендігін анықтау үшін бидай сорттарына тұрақты фитопотологиялық мониторингі жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл жұмыстың мақсаты Алматы, Түркістан және Қостанай облыстары аймақтарында үлкен егіс алқаптарына егілген күздік және жаздық бидай сорттарына фитопотологиялық мониторинг жұмыстарын жүргізу болды. Зерттеу 2023 жылы Қостанай облысы, ТОО "Қарабалық АШТС" және Түркістан облысы, ТОО "Красноводопадская АШТС" және де Алматы облыстарының бидай егіс алқаптарында жүргізілді. Сорттардың пиренофорозға төзімділігінің негізгі фитопатологиялық критерийлері: өсімдік реакциясының түрі (баллмен), өсімдіктің залалдану және таралу дәрежесі (пайызбен) есептелінеді. Алматы облысы бойынша сары дақ қоздырғышына төзімді алты күздік бидай сорттары анықталынды, Казакстанская 10 (егіс алқап-1), Яровая гранни, Австриский грань, Гранни, Казакстанская 10 (егіс алқап-2) және Бразильская озимая. Түркістан облысы бойынша зерттелінген барлық күздік бидай сорттары пиренофороз ауыруымен орташа деңгейде залалданған, ауруға төзімді сорт жоқ. Ал Қостанай облысы егіс алқаптарын зерттеу барысында, сары дақ ауруына төзімді деп Ахмет 150 мен Костанайская 15 жаздық бидай сорттары анықталынды. Бидай өндірісінде зерттелінген мониторинг жұмыстары нәтижесінде, оңтүстік және солтүстік облыстары бойынша пиренофорозға төзімді болып анықталған барлық бидай сорттарын селекция бағдарламасына пайдалану ұсынылады.
Сведения · Details
- DOI 10.37884/2-2024/08
- Журнал · Journal Izdenister natigeler
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 2
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0