Central Asian Research Index

Izdenister natigeler, 2023, № 2 (98), с. 225-235

БИДАЙДЫҢ СЕПТОРИОЗ (SEPTORIA TRITICI) АУРУЫНА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 2022 ЖЫЛ ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГІ

Женис Кеишилов, Алма Кохметова, Мадина Кумарбаева, Ангелина Малышева, Қанат Бахытұлы

Аннотация · Abstract

Күздік бидайдан жоғары өнім алу үшін агротехнологияның озық әдістерін қолданып қана қоймай, негізгі ауруларға төзімді сорттарды егу қажет. Ауылшаруашылық дақылдарына үлкен зиян келтіретін аурулардың бірі – бидайдың жапырақ дақ ауруы септариоз (Septoria tritici) болып табылады. Мақалада 2022 жылы Алматы облысы бойынша күздік бидай сорттарының септориоз ауруына төзімділігін анықтау мақсатында жүргізілген мониторинг жұмыстары нәтижесінде, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылдық округінде безостая 100 және бразилская элита күздік бидай сорттарынан септориоз ауруының белгілері анықталынды, аурумен залалдану көрсеткіші 12,7%-9,6%-ды құраса, ал таралу индекісі 92%-78%-дық нәтиже танытты. Сонымен қатар Панфилов ауылдық округінде, Казакстанская 10 бидай сорты септориоз (Septoria tritici) ауруымен орташа деңгейде залалданғаны анықталынды, аурумен залалдану көрсеткіші 2,5%-ды құрады, ал таралу қарқындылығы 48%-дық нәтиже көрсетті. Алматы облысы бойынша Жамбыл, Қарасай, Талғар аудандарының егіс алқаптарында (Septoria tritici) патогеніне жоғары төзімділік танытқан, ауру көрсеткіштері IT – 0 иммундық көрсеткен сорттар іріктелінді олар: Австрийский Грань, Австрийский 100, Безостая-1, Бразильская озимая, Усткеменогорская бригада, Стекловидная 24, Жетісу, Наз және Богарная 56 бидай сорттары болып анықталынды. Бидай өндірісінде септориозға төзімді болып анықталған бидай сорттарын пайдалану ұсынылады.

Сведения · Details