Izdenister natigeler, 2023, № 2 (98), с. 121-132
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА МАЙБҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫНА БАКТЕРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Аннотация · Abstract
Мақалада Солтүстік Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде топырақтың құнарлылығын, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін үдемелі арттыру, ғылыми негізделген егіншілік жүйесі негізінде астық, мал азықтық жем-шөп және басқа да дақылдар өндірісін ұлғайту мәселелеріне көп көңіл бөлінетіні көрсетілген. Қазіргі уақытта астық егілетін егістік аймақтың ауыспалы егіс жүйесінде жүзеге асырылуы тиіс және халықты жоғары ақуызды азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасы ерекше орын алуда. Майбұршақ дақылын далалық ауыспалы егістің әртарапты түрлеріне енгізу атмосфералық азоттың жиналуына ғана емес, сонымен қатар қарапайым қара топырақтың агрофизикалық, биологиялық және агрохимиялық қасиеттерін жақсартуға да ықпал етеді. Сонымен қатар, майбұршақ дәнінде теңдестірілген және оңай қорытылатын ақуыздың, өсімдік майының, әртүрлі қант пен көміртегі суларының, сондай-ақ диетаға қажетті негізгі дәрумендер мен микроэлементтердің көп мөлшері шоғырланған. Далалық тәжірибе зерттеулер майбұршақ дақылдарында биологиялық препараттарды қолданудың тиімділігін және олардың түйін бактерияларының түзілуіне, майбұршақ дақылының мөлшері мен сапасын қалыптастыруға әсерін анықтау, Қазақстанның Солтүстік өңірінде олардың ең тиімдісін анықтау бойынша жүргізілді. Бактериялық препараттарды қолдану майбұршақ өсімдіктерінің ценозының тығыздығына, атап айтқанда өсімдіктің далалық өнгіштігіне, өсімдіктердің өсу динамикасына, майбұршақ өсімдіктерінің шикі және құрғақ массасының жиналуына оң әсерін туғызды. Барлық зерттелген бактериалық препараттар осы дақылда саңырауқұлақ ауруларының таралуын барынша азайтты. Бактериялық препараттарды қолдану майбұршақ өсімдіктерін өсірудің өнімділігі мен рентабельділік деңгейін арттыруға ықпалын тигізді.
Сведения · Details
- DOI 10.37884/2-2023/12
- Журнал · Journal Izdenister natigeler
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 1
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0