Central AsianResearch Index

БИДАЙДЫҢ ЕКІ-ҮШ ТАТ ТҮРЛЕРІНЕ ТӨЗІМДІ СОРТТАРЫ МЕН ҮЛГІЛЕРІН СҰРЫПТАП АЛУ

Мақалада жаздық қатты және күздік жұмсақ бидай сорттары мен үлгілерінің тат ауруларының екі-үш түріне төзімділігін бағалау нәтижелері келтірілген. Қазіргі уақытта Қазақстанда климаттың өзгеруіне байланысты жаздық және күздік бидай дақылдарында сабақ, жапырақ және сары тат түрлері ерекше дамиды және елімізде рұқсат етілген көптеген сорттар аталған аурулардан зардап шегеді. Дегенмен коллекциялық материалдар арасында тат түрлеріне бір мезгілде төзімділік көрсететін сорттар мен үлгілер бар. Олардың кейбіреулерінің құрамында Sr-, Lr- және Yr- гендері анықталған. Бидай сорттары мен үлгілерінің сабақ, жапырақ және сары таттың жекелеген расаларына төзімділігін анықтау үшін жылыжай жағдайында зерттеулер жүргізілді. Зерттеуге арналған материал ретінде жаздық қатты бидайдың 15 сорты және күздік жұмсақ бидайдың 26 сорттары мен үлгілері қолданылды. Тәжірибе барысында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының сорт-үлгілерімен қатар Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы, А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, сондай-ақ Австралия, Италия, Россия, Франция елдерінің бидай сорттары зерттелді. Күздік жұмсақ бидайдың төрт үлгісі тат ауруының үш түрінің кең таралған расаларына топтық төзімділікті көрсетті. Қатты және жұмсақ бидайдың жекелеген сорттары мен үлгілері аурудың екі түрінің расаларына төзімді болды. Қазіргі уақытта бөлініп алынған үлгілер басқа шаруашылық-құнды белгілер бойынша сұрыптау үшін әртүрлі селекциялық тәлімбақтарда сынақтан өтуде. Ең үздік үлгілер жаңа сорттарды шығару мақсатында будандастыру жұмыстарында қолданылуда.

Сведения

Опубликовано
2024 · № 2-1 (special), С. 276-284
Язык
Казахский
ISSN
2304-3334
Издатель
Kazakh National Agrarian University