ОРГАНИКАЛЫҚ ЕГІНШІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА МАЙБҰРШАҚ ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Майбұршақ дақылында жоғары және тұрақты өнім алу үшін өсірудің экологиялық және экономикалық тұрғыдан негізделген тиімді технологиялары қажет. Өсімдіктердің өсіп-дамуына және өнімділігіне биостимуляторлар мен биоорганикалық тыңайтқыштарды қолдану қазіргі органикалық егіншіліктің көптеген мәселелерін шешу әдісі болып табылады. Майбұршақ дақылдарында биостимуляторлар және биотыңайтқыштарды қолдану дақылдардың өсуіне ықпал етеді, өсімдіктердің қолайсыз экологиялық жағдайларға жоғары төзімділігін қамтамасыз етеді. Далалық зерттеу тәжірибе нәтижесінің барлық нұсқаларында өсімдіктердің өсіп-дамуы және өнімділігі бақылаумен салыстырғанда жоғарлағанын көрсетті, оның жоғарғы көрсеткішпен өсуі (5 см-ге дейін) биоорганикалық тыңайтқыш (Органит - Р, Органит - Н, Биосок , Yara BioNUE) және биостимуляторлар (Экстрасол, Бисолбисан) ерітіндісімен бүрку нұсқасында байқалды. Біз 1000 дән майбұршақ тұқымының массасының өсуіне биостимуляторлар (Экстрасол, Бисолбисан) және биоорганикалық тыңайтқыштардың (Органит - Р, Органит - Н, Биосок, Yara BioNUE) айтарлықтай әсер еткенін және сәйкесінше 156,34 г, 150,29 г, 148,09 г, 148,08 г нәтижелерін анықтадық. 1000 дән майбұршақ тұқымының салмағы бақылаумен салыстырғанда 18,82-10,56 г-ға өсті, бұл сенімді өсім. Бисолбисан және Экстрасол биостимуляторларымен дақылдарды өңдеу кезінде майбұршақ дақылының өнімділігі - 58,6 және 51,2 ц/га құрады, бақылаудың өнімділігі сәйкесінше 20,5 ц/га (35%) және 13,2 (25,7%) құрады. Майбұршақтың өнімділігінің көрсеткіштері осы дақылдың өсіп-дамуы мен өнімділігіне биоорганикалық тыңайтқыштар мен биостимуляторларды қолданудың тиімділігін көрсетеді.
Сведения
- Журнал
- Izdenister natigeler
- Опубликовано
- 2024 · № 2-1 (special), С. 182-190
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 3
- ISSN
- 2304-3334
- Издатель
- Kazakh National Agrarian University