Izdenister natigeler, 2025, № 1 (105), с. 469-480
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ БАҒЫТЫ
Аннотация · Abstract
Мақалада Түркістан облысының 1993-2020 жылдар аралығындағы суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы зерттелініп зерделенген. Зерттелініп талданған жылдары аралығында суармалы жерлердің қанағаттанарлықсыз мелиоративтік жағдайының артқаны байқалады. Соңғы жылдары 16,3 мың. гектарға азайған, яғни суармалы жерлерді жүргізілген реконструкциялау мен суармалы жерлерді қалпына келтіру жобаларының оң нәтижесі. Соңғы жылдары коллекторлық дренажды желінің техникалық жағдайының нашарлауына байланысты су тапшылығына сәйкес орташа және жоғары деңгейде тұзданған егістік жерлердің көлемі аздап ұлғаюда. Жоғары және өте жоғары деңгейде тұзданған жерлер Жетісай, Шардара, Отырар және Мақтарал аудандары аймағында кездеседі. Облыс көлеміндегі суармалы 574,4 мың гектар жердің мелиоративтік көрсеткішіне байланысты 185,5 мың гектар жер (32%) - жақсы, 166,6 мың гектар (29%) - қанағаттанарлық және 222,3 мың гектар немесе 39% - қанағаттанарлықсыз болып бөлінеді. Көпжылдық зерттеулер нәтижесінде Түркістан облысы аумағындағы суармалы егістік жерлердегі жер асты су деңгейінің 3 метрден терең орналасқан аумағы 2020 жылы 332,7 мың гектар болды (58%). Су ресурстарын үнемді және ұтымды пайдалану үшін ауыл шаруашылық егісінің ландшафты ерекшеліктерін ескере отырып, қор үнемдейтін технологиялар мен суғару техникасын, сондай-ақ ұтымды суғару жүйілерін қолдануды кеңейту қажет.
Сведения · Details
- DOI 10.37884/1-2025/50
- Журнал · Journal Izdenister natigeler
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 2
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0