Izdenister natigeler, 2025, № 1 (105), с. 19-28
ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА «ARBOR ACRES» КРОСЫ АТА-АНАЛЫҚ ТАБЫНЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ МОЛЕКУЛЯРЛЫ-АКТИВТЕНДІРІЛГЕН «ВИУСИД ВЕТ» ПРЕПАРАТЫНЫҢ ӘСЕРІ
Аннотация · Abstract
Жануарлар мен құстарды азықтандыруда өсіруді қарқындату үшін антибиотиктерді қолдануда жаһандық теріс пікірлер қалыптасуда. Осыған орай антибитоиктерді ауыстыратын, әсіресе табиғи әдістерге негізделген микробқа қарсы немесе өсіруді үдеткіш жаңа препараттарды шығаруда көп зерттеулер жүргізілуде.«Виусид Вет» препараты антибиотикке балама препарат. Ол тиімді иммуномодулятор, антиоксидант, гепатопротектор және вирусқа, стресске қарсы тұратын агент. Құрамында молекулалық белсендірілген амин қышқылдары, витаминдер мен микроэлементтер, глицирриз қышқылы бар. Құрамындағы глицеррит қышқылы организм жасушаларының белсенділігі мен репликациясына әсер етпей, құрамында вирустар бар ДНҚ мен РНҚ-ның әртүрлі типтерінің репликациясын тежейді және үзеді. Ол антивирустық, қабынуға қарсы және антиаллергиялық әсерге ие. Алма қышқылы - бос радикалдарды бейтараптандыратын антиоксидант. Тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысатын ең маңызды метаболит. ATФ синтезі арқылы энергия өндірісін ынталандырады. Вирусқа қарсы әсері бар. Глюкозамин дәнекер тінін құрайтын протеогликандардың негізі болып табылады. Ол қабынуға қарсы, антиоксиданттық, гепатопротекторлық және хондропротекторлық әсерге ие, дәнекер тінінің қалпына келуіне ықпал етеді. Аргинин – амин қышқылы, азот оксидінің медиаторы, қан мен лимфаның микроциркуляциясын жақсартады, мочевина деңгейін төмендетеді. Пуриндердің, порфириндердің, креатининнің және фосфолипидтердің синтезіне қатысады. Аскорбин қышқылы (С дәрумені) липидтердің, ақуыздардың және басқа жасуша компоненттерінің тотығуын тежейтін және зақымданудан қорғайтын антиоксиданттық, антирадиалды қасиеттерге ие. Пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) антиденелер мен эритроциттердің синтезіне қажет, ол зат алмасу процестеріне қатысып және оны жақсартады, иммундық жауапты ынталандырады. Фолий қышқылы (Вc дәрумені) – бір көміртекті топтарды тасымалдауға қатысады, пурин және пиримидиндік негіздердің биосинтезіне қатысады, метионин алмасуына қатысады. Ұрықтың жатырішілік аномалиясын, оның өсуі мен дамуын болдырмайды. Цианокобаламин (В12 дәрумені) – метионин алмасуын қалыпқа келтіреді, бауырдың майлануын болдырмайды, оттегінің тұтынылуын арттырады, ақуыз синтезін ынталандырады. Мақалада «Виусид Вет» препаратының сұйық түрін етті бағыттағы «Arbor Acres» құс кросына қолдану арқылы оның өндірістік көрсеткіштерінің артуы көрсетілген. Зерттеудің мақсаты: Құс басының өміршеңдігін арттыру Жұмыртқан өнімділігін арттыру Инкубациялық жұмыртқа санын арттыру Бастапқы жұмыртқалағыш тауықтардан тәуліктік балапан санын арттыру
Сведения · Details
- DOI 10.37884/1-2025/03
- Журнал · Journal Izdenister natigeler
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 2
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0