Izdenister natigeler, 2024, № 1 (101), с. 202-209
АҚТІКЕН МИКРОКЛОНЫНЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ ДАМУЫНА ЖАРЫҚТАНДЫРУ ӘРЕКЕТТЕСУІ ЖАҒДАЙЫНДА ФИТОСТИМУЛЯТОРДЫҢ ӘСЕРІ
Аннотация · Abstract
Мақалада Nitrariaceae тұқымдасының өкілдері – Шобер ақтікені (Nitraria Schoberi L.) және Сібір ақтікені (Nitraria sibirika Pall.) микроклондарының өсіру кезінде олардың өсуі мен дамуына әртүрлі концентрациядағы фитостимуляторлардың әсері қарастырылады. НСҚ немесе ИСҚ фитогормондарының 0,2, 0,3 және 0,5 мг/л концентрациядағы әсері in vitro дақылында әртүрлі Nitraria түрлерінің өркен өсу қарқындылығын және ризогенезді жоғарылататыны көрсетілген. Зерттеудің мақсаты жемістері мен жапырақтарында биологиялық белсенді заттардың бай кешені бар ерекше және пайдалы өсімдіктің микроклондық көбею процесінде тиімді жұмыс істеу үшін әртүрлі жарықтандыруды қолдану жағдайында әртүрлі фитостимуляторлардың әсерін зерттеу. Зерттеудің мақсаты жемістері мен жапырақтарында биологиялық белсенді заттардың бай кешені бар ерекше және пайдалы өсімдіктің микроклондық көбею процесінде тиімді жұмыс істеу үшін әр түрлі жарықтандыруды қолдану жағдайында әр түрлі фитостимуляторлардың әсерін зерттеу болып табылады. Зерттеу жұмысында ұлпа дақылындағы ақтікен микроклондарының өсуі мен дамуына қатысты әр түрлі жарықтандырудың әсер ету нәтижелері келтірілген, онда өсу реттегіштері мен фитолампалардың бірлескен әсері барысындағы жарықтандырудың ақтікен экспланттарында морфогенетикалық процестерді ынталандыруға әкелетіні анықталды, сонымен қатар фитогормондардың төмен концентрациясында микроклоналды дақылдардың өсуін реттеу үшін пайдалануға болады, сондай-ақ өсімдіктерді ex situ жағдайларға көшірмес бұрын тамыр жүйесінің дамуын ынталандыру үшін де фитолампаларды қолданған жөн.
Сведения · Details
- DOI 10.37884/1-2024/20
- Журнал · Journal Izdenister natigeler
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 1
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0