Izdenister natigeler, 2024, № 1 (101), с. 132-141
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТЫ ЖАҚСАРТУ ӘДІСТЕРІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
Аннотация · Abstract
Зерттеулер егіншілік экожүйесінде Жамбыл облысы, Байзақ ауданының суғармалы сұр топырақтарында жүргізілген. Топырақ сипаттамаларының толық нәтижелерін алу үшін екі бағыт белгіленген. Бірінші бағыттағы зерттеулер тұзданған және сортаңды жерлердің су-физикалық қасиеттерін, топырақ тығыздығының әр түрлі көрсеткіштеріндегі топырақ ылғалының динамикасын анықтауға арналған. Екінші бағытта- тұзды жерлерді жақсарту әдістері, атап айтқанда, жүйектер мен атыздар бойынша суғару технологиялары және терең қопсыту арқылы ресурс үнемдейтін топырақтағы тұздарды шаю технологиялары қарастырылған. Сонымен қатар қолданылған мелиоративтік шаралардың тиімділігі экологиялық тұрғыда бағаланған. Сор топырақты егістіктерді жақсарту мақсатында тұзды шаюды терең қопсытумен ұштастыра жүргізудің қажеттілігі танаптық және монолиттік зерттеулер жүргізу арқылы анықталған. Сонымен қатар, ыза суларының деңгейі жер бетінен жақын жатқан егістіктерде шаюды, мүмкіндігінше, жабық коллекторлы–керізді желілері бар танаптарда, қолдану ұсынылған. Егер ондай мүмкіндік болмаса уақытша ашық керіздер арқылы өткізуге болады. Мұндағы α топырақтағы тұздардың шайылу деңгейін бағалайтын көрсеткіш болып табылады және орындалған топырақты жақсарту тәсілдерін экологиялық бағалауға қолданылған. Тұзданған топырақты шаюдың тиімділігі топырақтың өңделуіне, әсіресе тереңдігімен жер жырту әдісімен тікелей байланысты екендігін көрсетті.
Сведения · Details
- DOI 10.37884/1-2024/14
- Журнал · Journal Izdenister natigeler
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 1
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0