Central Asian Research Index

Izdenister natigeler, 2024, № 1 (101), с. 74-84

АШЫҚ ҚАРА-ҚОҢЫР ТОПЫРАҚ ЖАҒДАЙЫНДА ЖҮГЕРІНІҢ ӨСІП-ДАМУЫ МЕН ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА БИООРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТЫҢ ӘСЕРІ

Қуаныш Қарабаев, Бейбут Сулейменов, Әшірәлі Сманов

Аннотация · Abstract

Мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығысында жүгері өсіру кезінде қолданылатын отандық «БиоЭкоГум» сұйық биоорганикалық тыңайтқыштың қолдану мәселелері қарастырылды. Зерттеу нәтижелері бойынша, тұқымдарды «БиоЭкоГум» сұйық биоорганикалық тыңайтқыш ерітіндісімен егу алдында өңдеу өсімдіктің өнгіштігін 10-30 % - ға жоғарлатты. Дақылдардың вегетациялық кезеңдер бойынша бүрку өсімдіктің өсуі мен дамуын күшейтті, өнімділігін 14-тен 80 %-ға дейін жоғарлатты, биомассаның өсуіне ықпал етеді жүгері тамырларын 50 %-ға арттырады. Биоорганикалық тыңайтқыштың құрамында өсімдіктерге қажетті макро және микроэлементтер бар, жүгеріні өңдеу және бүрку Қазақстанның оңтүстік-шығысында кеңінен қолдану үшін ұсынылады.

Сведения · Details