СУЛЬФОНИЛМОЧЕВИНА ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ ЖҮГЕРІ ДАҚЫЛЫНА ӘСЕРІ
Мақалада жүгері арамшөптеріне қарсы қолданылатын заманауи гербицидтердіңтаралу динамикасы мен қалдық мөлшеріне экотоксиколиялық баға берілген. Зерттеудіңнегізгі мақсаты Алматы облысы жағдайында жүгерінің әртүрлі сорттарында жүгері өсімдігімен топырағында гербицидтердің таралу динамикасымен қалдық мөлшерін анықтау. Зерттеунәтижесінде өнім жинау алдында жүгерінің LG-525 (Франция) сортында өсімдік пентопырақта никосульфурон препараты із мөлшерінде (0,00062-0,00070 мг/кг), яғни шектіконцентрациядан төмен екені анықталды, ал тифенсульфурон-метил кездеспеді. Римсульфурон препараты жүгерінің LG Aveline (Франция) сортының өсімдігі мен топырағындатолығымен ыдырап, ал егін жинау кезінде жүгері дәнінде және топырақта қалдық мөлшерітабылмады.Зерттеу нәтижесінде гербицидтерді регламентке сай қолданған кезде олардың қалдықмөлшері табылмайтындығы немесе жүгері дәндерінде із мөлшерде болатындығы анықталды.
Сведения
- Журнал
- Izdenister natigeler
- Опубликовано
- 2021
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2304-3334
- Издатель
- Kazakh National Agrarian University