ЖОҢЫШҚАНЫҢ БУДАНДЫҚ ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ҚЫСҚЫ СУЫҚҚА ТӨЗІМДІЛІГІ
Жоңышқа дақылының жабайы түрлерін M. sativa L. мен будандастыру негізінде олардың гермаплазмасын пайдаланып, қысқы суыққа төзімді және өнімді жоңышқаның бастапқы материалдарын селекцияда пайдалану үшін бағаланды. Зерттеулердің нәтижесінде 48 үлгінің арасынан көкбалауса және құрғақ шөп өнімділігі бойынша APG5875, APG58577,SM 9, SM2, Zhangcao 3, Көкбалауса, Түркестан 15, к-271, Өсімтал, Forse 5, APG58577, к-119, Stamina GT6 үлгілер бөлініп алынды, ал тұқым түзу қаблеті бойынша TAЗ7 Howlong SM3, SM 4, Sardi 7 Series 2, Семиречинская местная, APG 19018, Көкбалауса, L56 іріктелді. Оңтүстік – шығыс аймағында жоңышқа үшін қысқа төзімділік оның тарауын шектемеуі, алСолтүстік Қазақстан үшін арнайы селекция арқылы қысқа төзімділікті жоғарлату шешуші маңызы бар. Қысқы жағдайға төзімділігі бойынша (95-100%): APG45671, APG58575, APG6019, APG6567, Darkhan90, Kobalausa, Kokorai, Stamina 5, Zhangcao 3, Osimtal, Тurkestan 15, т.б. ерекшеленді. Осы сорттарды Солтүстік Қазақстан жағдайында егуге болады депұсынылды.
Сведения
- Журнал
- Izdenister natigeler
- Опубликовано
- 2021
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2304-3334
- Издатель
- Kazakh National Agrarian University