Central AsianResearch Index

МҰНАЙ БИТУМЫН АДГЕЗИЯЛЫҚ ҚОСПАЛАР АРҚЫЛЫ МОДИФИЦИРЛЕУ

PhD докторы, https://orcid.org/0000-0002- 2397-9069, С.С. Сатаева, К.А. Михайлова, магистрант, https://orcid.org/0000-0002- 7332-2639

Жыл сайын Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының маңыздылығын атап көрсетеді, соның ішінде отандық химия технологиясының өркендеуіне ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты, қазіргі заманғы өнеркәсіп пен экономика шарттарына сай, жол жабындары үшін құрылыс материалдарын алуға бағытталған технологияны жетілдіру басым бағыттардың бірі болып табылады. Жұмыста Ақтау битум зауытының үлгілері қарастырылды. Эксперимент жүргізу барысында битум сынамалары 1% және 3% адгезиялық қоспамен модифицирленді. Адгезиялық қоспа ретінде StarAsphalt компаниясының Stardope 510С қоспасы қолданылды. Сынамалардың физика-химиялық қасиеттері: тығыздығы, тұтқырлығы, ине ену тереңдігі, созылғыштығы, жұмсару температурасы, тұтану температурасы, Фраас бойынша битумның морт сынғыштық температурасыанықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша Stardope 510С адгезиялық қоспамен модифицирленген битумның негізгі көрсеткіштері жақсарғаны көрсетілді.

Сведения

Журнал
Neft i gaz
Опубликовано
2021 · № 2, С. 132-139
Язык
Казахский
ISSN
1562-2932 · 2708-0080
Издатель
Oil Research and Engineering Center of the National Engineering Academy of the Republic of Kazakhstan