Репродуктивная медицина, 2023, № 4, с. 105-111
Гиршпрунг ауруын диагностикалаудағы кальретининнің маңызы
Аннотация · Abstract
Өзектілігі: Гирпшпрунг ауруы көбінесе тоқ ішектің нерв жүйесінің туа пайда болған ақауымен сипатталатын ауру, жаңа туған нәрестеде клиникасында жиі іштің кебуі, ауыр түрінде ішек өтімсіздігі белгілерімен көрінеді. Бұл патология кейінгі жылдары нейрокристопатия тобына жатқызылуда. Өлімнің негізгі себебі ауыр энтероколиттің дамуына байланысты.Айқын клиникалық көріністердің болмауына байланысты, бұл аурудың нәрестелік кезеңде анықталмай қалуы жиі байқалады. Қазіргі таңда жалғыз емі тек қана ота жасау болып табылады. Нақты диагноз гистопатологиялық препараттарды қараудан кейін қойылады, диагностикасы нәрестелік кезеңде шырышасты қабаттың, бұлшықетаралықтың толық саралан-бағандығынан қиыншылық тудырады. Содықтан заманауи диагностикалық әдістерді қолдану, соның ішінде кальретинин мен иммуногистохимия әдісі өз тиімділігін көрсетуде.Зерттеудің мақсаты – Гиршпрунг ауруын диагностикалаудағы кальретининнің тиімділігіне баға беру.Материалдар мен әдістері: 2017 жылдан 2022 жылға дейін туылғаннан 3 айға дейін емделген 61 пациенттердің медициналық тарихы және олардың гистопатологиялық материалдары талданды. Гистопатологиялық зерттеу бірінші гемотоксилин-эозин әдісімен, содан соң иммуногисто-химия моноклональді кальретининге қарсы антиденемен жүргізілді.Нәтижелері: Осы мақалада Гиршпрунг ауруына тән маңызды клиникалық белгілерге сипаттама берілді. Аурудың клиникасының айқындалуы 2 айыннан басталатындығын көрсетті, 36% (22) және 3 айға дейін 34% (21 бала) құрады. Зерттеу кезінде алғашқы нәжістің 2 тәулікке дейін кешігуі 82%-да (50 бала) байқалды. Зерттелген балаларда гестациялық жасы 38 аптадан жоғары болды. Нозологиялық құрылымы бойынша 82% (50) пациенттерде ректосигмойдтық түрі анықталды.Өлім жиілігі 3% (2) құрады. Операциялық емдеуден кейін асқынулар тіркелмеді. Гиршпрунг ауруына тән кальретинин иммунореактивті нервтердің жоғалуы 96% (59) жағдайларда байқалды. 21 науқасқа генетикалық зерртеу жүргізіліп, RET генінің мутациясы 14% (3) анықталды.Қорытынды: Гиршпрунг ауруын диагностикалуда жалпы зерттеу әдістерімен қатар, қорытынды диагноз қоюға мүмкіншілік беретін заманауи зерттеу әдістерін қолдану тимді екенін көрсетті. Гиршпрунг ауруы бар науқастарды ертерек анықтап, операциялық көмек көрсету олардың тез оңалуына және операциядан кейін болатын асқынулардың алдын алуға мүмкіншілік береді.
Сведения · Details
- DOI 10.37800/rm.4.2023.91-96
- Журнал · Journal Репродуктивная медицина
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0