TRENDS IN INCIDENCE, STAGE DISTRIBUTION, AND MORTALITY OF PROSTATE CANCER IN THE AKMOLA REGION, 2005–2024: ТЕНДЕНЦИИ ЗАБОЛЕВАЕМОСТИ, СТАДИЙНОЙ СТРУКТУРЫ И СМЕРТНОСТИ ОТ РАКА ПРЕДСТАТЕЛЬНОЙ ЖЕЛЕЗЫ В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗА 2005-2024 ГОДЫ
2005-2024 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІ ОБЫРЫНЫҢ СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҒЫ, САТЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӨЛІМ-ЖІТІМІНІҢ ҮРДІСТЕРІ
Central Asian Institute for Medical Research, Astana, Republic of Kazakhstan; Health Department of the Akmola region, Kokshetau, Republic of Kazakhstan; Asfendiyarov Kazakh National Medical University, Almaty, Republic of Kazakhstan; National Scientific Center of Traumatology and Orthopedics named after Academician Batpenov N.D., Astana, Republic of Kazakhstan; Astana Medical University, Astana, Republic of Kazakhstan; Multidisciplinary regional Hospital No. 2 under the Health Department of Akmola region, Astana, Republic of Kazakhstan; Center for Life and Health Sciences, Higher School of Medicine, Ualikhanov University, Kokshetau, Republic of Kazakhstan.
Background. Regional analyses integrating prostate cancer incidence, stage at diagnosis, and mortality can identify epidemiological patterns that may be obscured by national estimates. Such evidence remains limited for Akmola Region. Objective. To characterize the age profile of prostate cancer and determine how incidence, diagnostic-stage composition, mortality changed in Akmola Region between 2005-2024. Materials and Methods. Twenty consecutive annual observations were assembled from Forms No. 7 and 35 of national cancer reporting system and from official estimates of the male resident population. For each calendar year, we derived population-based rates of newly diagnosed cases and prostate cancer deaths; incidence was additionally examined by age and stage at diagnosis. Log-linear Joinpoint models were fitted to the annual series, and temporal slopes were expressed as APC and, where applicable, AAPC, together with their 95% confidence intervals. Results. Registry returns contained 1,003 newly diagnosed cases and 413 deaths attributed to prostate cancer during the observation period. The standardized incidence series nearly doubled between the study endpoints, rising from 9.3 per 100,000 in 2005 to 19.2 in 2024; the model estimated an APC of 2.6% (p=0.002). Of all age strata, men aged 75-79 years had the highest mean annual incidence, at 189.5 per 100,000. For stages I-II, the incidence rate followed an upward trajectory (APC=3.3%; p=0.002), but these stages accounted for a progressively smaller share of all diagnoses, decreasing from 62.5% to 35.4%. A substantially steeper trajectory was observed for stage IV disease: its incidence rose from 1.4 to 10.6 per 100,000 (APC=9.8%; p<0.001), while its contribution to all registered cases expanded from 15.6% to 50.0%. Stage IV represented the largest diagnostic-stage category in 2022 and 2024. Although ASMR was lower at the end of follow-up than at baseline 5.6 versus 8.5 per 100,000 the fitted temporal slope did not differ statistically from zero (APC=−0.9%; p=0.616). Conclusions. Akmola Region experienced a clear rise in newly detected prostate cancer, with the steepest increase occurring in stage IV disease. Mortality showed no statistically reliable direction of change. The divergence between these indicators supports closer examination of regional diagnostic pathways, stage-recording practices, and subsequent population-based outcomes. Актуальность. Региональный анализ заболеваемости раком предстательной железы, стадийной структуры и смертности позволяет выявить эпидемиологические особенности, которые могут быть скрыты при оценке общенациональных показателей. Комплексные данные по Акмолинской области остаются ограниченными. Цель. Оценить возрастные особенности и многолетние тенденции заболеваемости, стадийной структуры при установлении диагноза и смертности от рака предстательной железы в Акмолинской области за 2005-2024 годы. Материалы и методы. Для 2005-2024 годов был сформирован региональный временной ряд, включавший 20 последовательных годовых наблюдений, полученных из сводных форм №7 и №35 национального канцер-регистра Республики Казахстан и официальной статистики мужского населения. В каждом календарном году зарегистрированное число новых случаев и смертей соотносили с соответствующей численностью мужского населения и выражали на 100 000 человек. Расчеты выполняли для всех возрастов без возрастной корректировки, для отдельных возрастных групп и с учетом различий в возрастной структуре населения. К годовым рядам применяли лог-линейные модели Joinpoint: направление и скорость изменения внутри каждого сегмента характеризовали посредством APC, а обобщенную динамику интервала с несколькими сегментами – посредством AAPC. Для обеих оценок приводили 95% доверительные интервалы. Результаты. Зарегистрировано 1 003 случая рака предстательной железы и 413 смертей от данного заболевания. Стандартизованный показатель заболеваемости увеличился с 9,3 на 100 000 мужчин в 2005 году до 19,2 в 2024 году (APC=2,6%; 95% ДИ: 1,0-4,7; p=0,002). Максимальный среднегодовой повозрастной показатель заболеваемости отмечен среди мужчин 75-79 лет – 189,5 на 100 000. Несмотря на увеличение заболеваемости опухолями I-II стадии (APC=3,3%; p=0,002), их доля снизилась с 62,5% до 35,4%. Заболеваемость опухолями IV стадии увеличилась с 1,4 до 10,6 на 100 000 мужчин (APC=9,8%; p<0,001), а их доля возросла с 15,6% до 50,0% и была наибольшей в 2022 и 2024 годах. Стандартизованный показатель смертности снизился с 8,5 до 5,6 на 100 000 мужчин, однако статистически значимого временного тренда не выявлено (APC=−0,9%; p=0,616). Заключение. В Акмолинской области существенно увеличилась заболеваемость раком предстательной железы, особенно опухолями IV стадии, тогда как статистически значимого тренда смертности не выявлено. Полученные результаты обосновывают необходимость оценки диагностических и маршрутизационных процессов, аудита регистрации стадий и дальнейшего мониторинга стадийно-специфической заболеваемости, смертности и популяционной выживаемости. Кіріспе. Қуықасты безі обырының сырқаттанушылығын, диагноз қойылған кездегі сатылық құрылымын және өлім-жітімін өңірлік деңгейде кешенді талдау ұлттық көрсеткіштерді бағалау кезінде байқалмай қалуы мүмкін эпидемиологиялық ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Ақмола облысы бойынша мұндай деректер шектеулі. Мақсаты. 2005-2024 жылдар аралығында Ақмола облысындағы қуықасты безі обырының жас ерекшеліктерін, сырқаттанушылықтың, диагноз қойылған кездегі сатылық құрылымның және өлім-жітімнің ұзақ мерзімді үрдістерін бағалау. Материалдар мен әдістер. 2005-2024 жылдар үшін 20 бірізді жылдық бақылауды қамтитын өңірлік деректер қатары қалыптастырылды. Бастапқы мәліметтер Қазақстан Республикасының ұлттық қатерлі ісік тіркеліміндегі №7 және №35 нысандардың жиынтық есептерінен, сондай-ақ ерлер саны жөніндегі ресми статистикадан алынды. Әр күнтізбелік жылда жаңадан тіркелген жағдайлар мен өлім саны тиісті жылдағы ерлер санына қатыстырылып, нәтижелер 100 000 адамға шаққанда көрсетілді. Есептеулер барлық жас топтары біріктірілген түрде, жекелеген жас санаттары бойынша және халықтың жас құрамы ескерілгеннен кейін орындалды. Жылдық қатарлар лог-сызықтық Joinpoint модельдерімен талданды. Жекелеген кесінділердегі өзгеріс жылдамдығы APC арқылы, ал бірнеше кесіндіні қамтитын аралықтағы жинақталған өзгеріс AAPC арқылы сипатталды; бағалаулар 95% сенімділік аралықтарымен берілді. Нәтижелері. Зерттелген кезеңде тіркелімге қуықасты безі обыры алғаш анықталған 1 003 жағдай және осы ауруға байланысты 413 өлім оқиғасы енгізілген. Жас құрылымына түзетілген сырқаттанушылықтың бастапқы және соңғы жылдардағы мәндері шамамен екі есе ерекшеленді: 100 000 ер адамға шаққанда 2005 жылы 9,3 және 2024 жылы 19,2. Joinpoint моделі жылына 2,6% өсімді көрсетті (p=0,002). Орташа жылдық жасқа тән сырқаттанушылықтың ең жоғары көрсеткіші 75-79 жастағы ерлерде анықталды – 100 000 адамға шаққанда 189,5. I-II сатыдағы обырдың сырқаттанушылық көрсеткіші өскенімен (APC=3,3%; p=0,002), оның үлесі 62,5%-дан 35,4%-ға дейін төмендеді. IV сатыдағы сырқаттанушылық 1,4-тен 10,6-ға дейін өсті (APC=9,8%; p<0,001), ал оның үлесі 15,6%-дан 50,0%-ға дейін артып, 2022 және 2024 жылдары ең үлкен сатылық санатты құрады. Жас бойынша стандартталған өлім-жітім көрсеткіші 8,5-тен 5,6-ға дейін төмендеді, алайда статистикалық мәнді уақыттық үрдіс анықталмады (APC=−0,9%; p=0,616). Қорытынды. Ақмола облысында қуықасты безі обырының, әсіресе IV сатыдағы аурудың сырқаттанушылығы айтарлықтай өсті, ал өлім-жітімнің статистикалық мәнді уақыттық үрдісі анықталмады. Нәтижелер диагностикалық және пациенттерді бағыттау үдерістерін бағалауды, ауру сатысын тіркеу сапасына аудит жүргізуді және сатылар бойынша сырқаттанушылықты, өлім-жітімді және популяциялық өмір сүру көрсеткіштерін тұрақты мониторингтеуді негіздейді.