Central AsianResearch Index

Study of the effectiveness of implementing clinical protocols in medical organizations: Сonclusions and practical recommendations

Мақала Қазақстандық денсаулық сақтау тәжірибесіне клиникалық хаттамаларды (КХ) енгізу мәселелерін талдауғажәне оларды шешу бойынша тәжірибелік ұсыныстар әзірлеуге арналған. Зерттеу негізінде медицина қызметкерлері арасындахабардарлықтың жоқтығы, мотивацияның жоқтығы және ресурстардың шектелуі сияқты негізгі кедергілер анықталды.Авторлар КХ-ларды енгізу тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін ұсынады, оның ішінде индикаторларды әзірлеу және енгізу, үздіксіз медициналық білім беруді ұйымдастыру және практикалық денсаулық сақтауда КХ-ларды енгізудің жүйелімониторингі. Ұсынылған ұсыныстар денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және медициналықұйымдардың практикалық қызметін жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін.Мәселе неде?Қазақстан Республикасында КХ-лар диагностикалық және емдеу процестерін стандарттауға бағытталған дәлелдімедицина негізіндегі ұсынымдардың жүйеленген жиынтығы болып табылады. Оларды қолдану медициналық көмектің сапасы менқауіпсіздігін арттыру қажеттілігінен туындайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес КХ-ны жүйелі түрде жаңарту асқынулар мен өлім қаупін азайтуға, медициналық ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға және науқастардың қанағаттануынарттыруға көмектеседі.КХ-лар медициналық көмекті стандарттау, оның сапасы мен қауіпсіздігін арттырудың маңызды құралы болыптабылатынына қарамастан, оларды Қазақстанда енгізу бірқатар кедергілерге тап болады: медицина қызметкерлерінің КХжөнінде хабардар болмауы, бірыңғай бақылау жүйесінің болмауы, ресурстардың жеткіліксіздігі, КХ-ның өзекті еместігі жәнехаттамалардың жеткіліксіз болуы, клиникалық хаттамаларды қолдатын медицина қызметкерлерін ынталандыру жүйесініңболмауы, ұйымдастырушылық кедергілер.Саясат нұсқалары1-ші нұсқа. КХ-ларды әзірлеу, енгізу және бағалау процесін сәтті жүзеге асыру үшін әртүрлі салалардағы мамандардыкешенді оқытуды қамтамасыз ету.2-ші нұсқа. КХ-ларды әзірлеу, енгізу және бағалау үдерісі үшін көрсеткіштер жүйесін әзірлеу және енгізу.3-ші нұсқа. КХ-лардың орындалуын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету.Саясат нұсқаларын іске асыру туралы көзқарасБарлық 3 саясат нұсқасы бір-бірімен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырады. Мамандарды даярлау КХ-лардыәзірлеу және енгізу үшін кадрлық ресурстарды құруға мүмкіндік береді. Көрсеткіштер жүйесі жүргізіліп жатқан іс-шаралардыңтиімділігін объективті бағалауды қамтамасыз етеді. Ал жүйелі мониторинг туындайтын мәселелерді жылдам анықтауғажәне жоюға мүмкіндік береді. Бұл келесі нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі: медициналық көмектің сапасын арттыру,ресурстарды пайдалануды оңтайландыру, медицина қызметкерлерінің беделін арттыру, науқастардың қанағаттануынарттыру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Сведения

Опубликовано
2024 · С. 4-15
Язык
Английский
ISSN
2663-1768 · 2663-1776 · 2225-9929
Издатель
Salidat Kairbekova National Research Center for Health Development