Развитие национальной аккредитации медицинских организаций: Барьеры и предложения
Талдамалық шолуда респонденттердің Ұлттық аккредиттеуден өту қажеттілігі туралы пікірін, оны дамытужолындағы кедергілерді анықтау және медициналық ұйымдарды аккредиттеу рәсімін танымал етуге және тиімділігінарттыруға ықпал ететін негізгі бағыттардың пайымын қалыптастыру мақсатында жүргізілген Қазақстан Республикасыныңбарлық өңірлерінен ұсынылатын медициналық көмектің бейініне қарамастан, әртүрлі меншік түріндегі нысандарындағымедициналық ұйымдардың қызметкерлері арасында әлеуметтік сауалнама нәтижелері ұсынылған. Біз клиникалар менмедициналық орталықтардың Ұлттық аккредиттеу рәсімінен өтуге уәждемесіне әсер ететін бірқатар факторларды таңдаудымақсат еттік.Медициналық ұйымдарды аккредиттеудің айрықша ерекшелігі - медициналық көмектің сапасына, клиникада болыпжатқан процестерді бағалауға және науқастар мен келушілер үшін де, медициналық ұйымның қызметкерлері үшін де қауіпсізортаны қамтамасыз етуге назар аудару. Осылайша, Ұлттық аккредиттеу стандарттарын сақтау ұйымның жұмыс мәдениетін арттыруға, науқастарға медициналық көмек көрсетудің қауіпсіз жағдайларын жасауға және тәуекелдерді азайтуғажәне жалпы денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді нығайтуға ықпал ете отырып, медициналық қызмет көрсету сапасынайтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.Мәселе неде?Зерттеу республиканың медициналық ұйымдарының аккредиттеу рәсіміне әлі де жеткіліксіз қатысуы (50-ден аз пайыз)мен мүдделілігіне және соның салдарынан медициналық көмектің сапасын басқарудың негізгі құралдарының бірі ретінде аккредиттеу процестерінің ұлттық деңгейде толық іске асырылмауына байланысты өзекті болып табылады. Анықталғанкедергілер мен факторлар медициналық ұйымдардың процедураны жалпы қабылдауына теріс әсер етеді, оның өтуіне дегенынтаны төмендетеді.Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбінің (54%) пікірінше, негізгі тосқауыл факторларының бірі - аккредиттеуалдындағы толық даярлыққа қаржылық қолдаудың болмауы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестікті қосаалғанда, материалдық-техникалық жағдайларды жақсарту қажеттілігі болып табылады. Сонымен қатар, респонденттердіңнегізгі бөлігі аккредиттеу рәсімдерінен өтудің маңыздылығын мойындайтыны анықталды, бұл медициналық көмектің сапасын(80%), ұйымның мәртебесі мен танылуын (77,5%) арттырады және болашақта бірқатар белгілі бір артықшылықтарға ықпал етуі мүмкін.Іс жүзінде кез-келген қызметті бағалау тікелей немесе жанама түрде іс-әрекет пен оны ұйымдастыру процестерініңоңтайлылығын бағалау болып табылады. Егер бағалау теріс болса, онда процестерді ұйымдастыруды қайта қарастырған жөн.Топ-менеджмент өкілдерін, республика өңірлерінің түрлі медициналық ұйымдарын қоса алғанда, қызметкерлердің сауалнамасыкөрсетілген мақсаттарға қызмет етеді және оның нәтижелері Ұлттық аккредиттеу рәсімдерін жетілдіру саласындабасқарушылық шешімдерді қалыптастыру үшін негіздеме ретінде пайдаланылуы мүмкін. Сауалнама нәтижелері оның дамуы үшінқолайлы жағдайлар жасауға бағытталған процестердің маңыздылығын көрсетеді және медициналық ұйымдарды аккредиттеупроцестерімен қамти отырып, ағымдағы жағдайды неғұрлым объективті бағалауға, мотивациялық тетіктерді жетілдірубойынша ұсынымдар әзірлеуге ықпал етеді.Саясат нұсқалары1-ші нұсқа. Медициналық ұйымдар үшін мотивациялық механизмдерді әзірлеп, олардың тиімділігін арттыру.2-ші нұсқа. Денсаулық сақтау басқармалары мен жергілікті атқарушы органдардың медициналық ұйымдарға көрсететінқаржылық қолдауын күшейту.3-ші нұсқа. Аккредиттеу мәселелері бойынша білім беру компонентін кеңейту.4-ші нұсқа. Әлемдік тәжірибені, ұлттық және халықаралық стандарттарды, ұйымдардың медициналық қызметініңбейіндерін ескере отырып, аккредиттеу стандарттарын жетілдіру.Саясат нұсқаларын іске асыру жөніндегі пайым Аталған саясаттарды жүзеге асыруда негізгі әлеуетті кедергілер республикалық және жергілікті деңгейлердегі қаржылықресурстардың тапшылығы, сондай-ақ клиникалардың аккредиттеу және оқыту процестеріне қатысу белсенділігінің және қызығушылығының төмендігі болып табылады. Ұсынылған саясат нұсқалары медициналық ұйымдарды Ұлттық аккредиттеуменкеңінен қамтып, оның тиімді дамуына және танымалдылығына ықпал етуі мүмкін. Бұл саясаттардың бір-бірін толықтырып,интеграцияланған түрде іске асырылуы мақсатына жетуге едәуір әсер етуі ықтимал.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · С. 30-38
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2663-1768 · 2663-1776 · 2225-9929
- Издатель
- Salidat Kairbekova National Research Center for Health Development