Остродефицитные медицинские специальности: Ключевые подходы и рекомендации
Әлемдік контексте «Аса тапшы мамандықтарға» ұқсас стандартты термин жоқ. Оның орнына әр елдің немесе аймақтың ерекшеліктеріне бейімделген денсаулық сақтау қызметкерлерінің тапшылығын талдау үшін жалпы тұжырымдамалармен әдістер қолданылады. Осы талдамалық анықтама «Аса тапшы мамандықтар» ұғымын айқындауды және олардың медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етудегі рөлін қамтиды.Аса тапшы мамандықтар тізбесі денсаулық сақтау жүйесін қоғамның өзгеріп отырған қажеттіліктеріне бейімдеу жөніндегі қажетті құралдардың бірі болып табылады. Олар жаңа технологиялардың дамуын ескеруге, демографиялық ахуалдың өзгеруін, эпидемиологиялық жағдайды және басқа да факторларды ескеруге мүмкіндік береді.Аса тапшы мамандықтар тізбесін уақтылы өзектендіру денсаулық сақтау саласындағы ресурстарды оңтайлыпайдалануға ықпал етеді, сондай-ақ, кадрларды даярлау бағыттарын реттеуге, өңірлерде медициналық кадрларды тарту жәнеұстап қалу бойынша іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға көмектеседі.Мәселе неде?Басқарудың әртүрлі деңгейлерінде аса тапшы медициналық мамандықтардың тізімін қалыптастыру үшін әртүрліфакторларды есепке алудың кешенді тәсілінің болмауы.Шешу жолдарыӨзекті тізбенің болуы саяси шешімдер қабылдайтын тұлғаларға медициналық кадрларды тарту және ұстап қалужөніндегі ғылыми негізделген және тиімді іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға мүмкіндік береді. Ұсыныс ретінде жылына бір рет аса тапшы мамандықтардың тізбесін қалыптастыру/өзектендіру қарастырылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · С. 16-22
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2663-1768 · 2663-1776 · 2225-9929
- Издатель
- Salidat Kairbekova National Research Center for Health Development