Central AsianResearch Index

Оценка продуктивности здравоохранения Казахстана на системном, суб-секторальном и уровне основанном на болезни

Зерттеудің мақсаты: Қазақстанның денсаулық сақтау өнімділігінің көрсеткіштерін ауруға негізделген, жүйелі және суб-секторлық деңгейде есептеу және ЭЫДҰ елдерімен салыстырмалы талдау жүргізу Әдістері. Көрсеткіштерді есептеу «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК сараптамалық кеңесінде бекітілген денсаулық сақтау жүйесінің өнімділік көрсеткіштерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылды. Жиілік көрсеткіштерінің өзгеруінің статистикалық маңыздылығын тексеру Пирсонның хи-квадраттық статистикалық критерийі арқылы жүргізілді. ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштерімен салыстыру үшін экономикалық ынтымақтастық ұйымдарының статистикасы жөніндегі ресми сайттың деректері пайдаланылды. Нәтижесі. Ұлттық деңгейдегі өнімділік көрсеткіштерін талдау денсаулық сақтауды қаржыландыруды ұлғайту және сырқаттанушылық көрсеткіштерін төмендету бөлігіндегі оң өзгерістерді көрсетеді. 2011-2022 жылдардағы деректер ҚР-да сәбилер өлімінің төмендеу үрдісін көрсетті. Талдау көрсеткендей, жан басына шаққандағы денсаулық сақтау шығындары 2011-2022 жылдар аралығында жыл сайын артып келеді және аталған жылдары жан басына шаққандағы денсаулық сақтау шығындарының өсімі 328% құрады. Алайда, Қазақстанда денсаулық сақтау шығындары ЭЫДҰ елдеріне қарағанда едәуір төмен. Жалпы денсаулық сақтау шығындарынан үй шаруашылықтары шығыстарының үлесі де артып келеді және 2022 жылы 31% -. құрады, бұл ЭЫДҰ-ға мүше елдер бойынша орташа көрсеткіштен 2 есе көп. Бағалау 2011-2022 жылдың қарастырылып отырған кезеңінде 1 учаскелік дәрігерге артып келе жатқан жүктемені көрсетті. Бұл ретте Қазақстанда бір учаскелік дәрігерге тіркелген халықтың саны ЭЫДҰ елдеріндегі орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары. Тиісінше, учаскелік дәрігердің жүктемесінің артуы және денсаулық сақтауды қаржыландырудың өсуі кезінде 1 учаскелік дәрігердің есебінен амбулаториялық көмек көрсетуге жұмсалатын шығындар айтарлықтай өсті. Қарастырылып отырған кезеңде төсек айналымы 27% - ға өсті, ал науқастың стационарда төсекте болуының орташа ұзақтығы 31% - ға қысқарды, бұл стационардың неғұрлым тиімді жұмысын растайды. Қорытынды. Жалпы, медициналық статистика мен ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректері негізінде 2011-2022 жылдар кезеңінде денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтерін өндіруде пайдаланылатын ресурстардың ұлғаюы байқалды. Алайда, көрсетілген кезеңдегі өнімділікті талдау бірқатар көрсеткіштер бойынша теріс динамиканы анықтады. Дегенмен, өнімділік көрсеткіштерін пайдалану халықтың демографиялық және эпидемиологиялық факторларының динамикасы, сондай-ақ денсаулық сақтау саясатында жүргізіліп жатқан шаралардың қарқындылығы тұрғысынан ақпараттық және маңызды болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2024 · С. 18-28
Язык
Русский
ISSN
2663-1768 · 2663-1776 · 2225-9929
Издатель
Salidat Kairbekova National Research Center for Health Development