Central AsianResearch Index

Анализ потребления противоопухолевых препаратов, закупленных Единым дистрибьютором в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи за 2017-2019 годы

Жаңа, қымбат тұратын ісікке қарсы препараттарды енгізуді басқару дамудың барлық деңгейіндегі елдер үшін күрделі мәселе болып табылады. Бір жағынан төлеушілер жаңа және әлеуетті неғұрлым тиімді дәрілерге қолжетімділікті қамтамасыз етуді қалайды, алайда, екінші жағынан, олар денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын, қаражаттың құнын және қолда бар ресурстарды әділ бөлуді қамтамасыз етуі керек.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өмірді сақтайтын және маңызды дәрі-дәрмектерді халықтың денсаулығына бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттандыратын дәрілер ретінде анықтайды. Дәрілер аурудың ауыртпалығы, тиімділігі мен қауіпсіздігінің дәлелі және салыстырмалы экономикалық тиімділік негізінде таңдалады.Әдебиеттерде ісікке қарсы препараттардың қолжетімділігі мен қолданылуына әсер ететін факторлар белгілі бір дәрежеде анықталған және талқыланған, бірақ әртүрлі елдерде ісікке қарсы препараттарды тұтынудың нақты деңгейі туралы деректер аз.Зерттеудің мақсаты: Бірыңғай дистрибьютор 2017-2019 жылдарға арналған тегін медициналық көмектіңкепілдендірілген көлемі шеңберінде сатып алған ісікке қарсы препараттарды тұтынуды талдау.Әдістері. Ісікке қарсы препараттарды тұтынуды талдау ДДҰ ұсынған ATC/DDD әдістемесін пайдалана отырып жүргізілді. Тұтынуды есептеу және талдау үшін біз 2017-2019 жылдар аралығындағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор сатып алған дәрілік заттардың саны туралы деректерді пайдаландық. Есепке «L01 ісіккеқарсы препараттар», «L02 ісікке қарсы гормоналды препараттар» АТС коды бар онкологиялық препараттар кірді.Нәтижесі. Онкологиялық препараттарды тұтынуды талдау нәтижелері «L01» және «L02» топтарының онкологиялық препараттарының пероральді түрлерін де, парентеральді түрлерін де тұтынудың артқанын көрсетті. Дегенмен, ісікке қарсы препараттардың пероральді түрлері басым орынды алады.Қорытынды. Халықаралық ATC/DDD әдістемесін қолдана отырып, ісікке қарсы препараттарды тұтынуды талдау ісікке қарсы препараттарды тұтынудың тенденциялары мен динамикасын анықтады, бұл онкологиядағы дәрілік қамтамасыз етуді оңтайландыру бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Онкологиялық препараттардың пероральдітүрлерін де, парентеральді түрлерін де тұтынудың артқаны анықталды. Сонымен қатар ең көп тұтынылатын препараттарды қолдану көрсеткіштерінің кейбір сәйкессіздіктері анықталды

Сведения

Опубликовано
2024 · С. 13-21
Язык
Русский
ISSN
2663-1768 · 2663-1776 · 2225-9929
Издатель
Salidat Kairbekova National Research Center for Health Development