Comparative Analysis of Methods of Audiological Screening of the Adult Population: Global and Kazakhstani Experience
Есту қабілетінің бұзылуы қазіргі уақытта ең таралған сенсорлық бұзылыс және бүкіл әлемде мүгедектіктің жетекші себептерінің бірі ретінде танылады. Жер бетіндегі әрбір бесінші адамның есту қабілетінің кем дегенде ең аз деңгейде төмендеуі және халықтың 5%-дан астамында есту қабілетінің жоғалуы кездеседі деп есептеледі. Есту қабілетінің бұзылуын анықтаудың көптеген скринингтік әдістері бар. Олардың ең көп таралған түрлері - мобильді қосымшалар, сыбырлап сөйлеу арқылы бағалау, портативті аудиометр, сауалнамалар, шу кезінде сөйлеудің анықтығын тексеру және т.б. Дегенмен, есту қабілетін тексерудің«алтын стандарты» таза тонды шекті аудиометрия әдісі болып келді және болып қала береді.Бұл шолудың мақсаты заманауи әдеби көздерді зерделеу арқылы ересектердің аудиологиялық скринингі бағытында жүргізіліп жатқан зерттеулерді талдау, сондай-ақ скринингтік іс-аралардың экономикалық тиімділігін зерттеу. Қазақстандағы жағдайды зерттеу және осы шолуда талданған скрининг әдістерін елде қолдану мүмкіндігін бағалау болып табылады.Біз келесі критерийлерге сәйкес келетін 25 толық мәтінді мақаланы таңдадық: 2018-2023 жылдар арасында жарияланған зерттеулерді қамту, ересек тұрғындар, скрининг әдістері, экономикалық тиімділігі; қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақалалар зерделенді.Қорытынды. Естудің скринингтік әдістерінің сан түрлеріне, олардың сенімділігіне, сезімталдығы мен спецификасына және есту қабілеті бұзылған тұрғындарды оңалтуға жұмсалған шығындармен салыстырғанда айқын экономикалық тиімділігінеқарамастан, есту қабілетін бағалау әдістерінің ешқайсысы әлемнің бір де бір елінде Ұлттық скринингтік бағдарлама аясында есту қабілетін бағалау үшін енгізілмеген. Қазақстанда бір сұрақтан тұратын сауалнама, HHIA/HHIE сауалнамасы, медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейінде сыбырлап сөйлеу арқылы зерттеу, сондай-ақ өз-өзінің есту қабілетін бағалау үшін есту тестінің мобильді нұсқасын пайдалану секілді әдістер арқылы диагностика жүргізіледі.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · С. 52-60
- Язык
- Английский
- Цитирований
- 2
- ISSN
- 2663-1768 · 2663-1776 · 2225-9929
- Издатель
- Salidat Kairbekova National Research Center for Health Development