Central AsianResearch Index

Оценка заболеваемости раком предстательной железы в мегаполисах Казахстана

Зерттеудің мақсаты: Қазақстанның екі ірі мегаполисінде – Алматы және Астана қалаларында қуықасты безінің қатерлі ісігімен аурушаңдықтың ерекшеліктерін зерделеу.Әдістері. Зерттеу материалы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005-2019 жылдардағы қуықасты безінің қатерлі ісігіне (ICD 10 – C61) қатысты №7 жылдық нысаны болды. Негізгі әдіс ретінде медициналық-биологиялықстатистиканың дескриптивті және аналитикалық әдістерін қолдана отырып, ретроспективті зерттеу қолданылды.Нәтижесі. 2005-2019 жылдары Қазақстанда 14 740 жаңа қуықасты безінің қатерлі ісігі жағдайы тіркелді, оның ішінде 2296 (15,6%) және 625 (4,2%) науқас Алматы және Астана қалаларына тиесілі болды. Алматы қаласында науқастардың орташажасы 70,7±0,4 жасты және Астана қаласында 69,2±0,3 жасты құрады. Зерттелген мегаполистерде қуықасты безінің қатерлі ісігімен сырқаттанушылықтың стандартталған көрсеткіші: Алматы қаласында – 28,1±2,50/0000 (95% СА=23,3-32,9) (T=+5,1%) және Астана қаласында – 24,2±2,00/0000 (95% СА=20,3-28,2) (T=+2,1%). Айырмашылық статистикалық тұрғыдан маңызды болмады (t=1,22, р=0,223). Зерттелген мегаполистердегі аурушаңдықтың жас көрсеткіштерін талдау 70 және одан жоғары жас тобындағыөсуін көрсетті.Қорытынды. Біздің зерттеуіміздің нәтижелері қуықасты безінің қатерлі ісігімен күресте пәнаралық тәсілдерді одан әрі зерттеу және дамыту қажеттілігін көрсетеді. Бұл аурудың алдын алу және ерте анықтау тиімділігін арттыруға, сондай-ақ емдеу нәтижелері мен науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі

Сведения

Опубликовано
2024 · С. 4-9
Язык
Русский
ISSN
2663-1768 · 2663-1776 · 2225-9929
Издатель
Salidat Kairbekova National Research Center for Health Development