Репродуктивное здоровье трансгендерных людей: серия случаев из Восточной Европы и Центральной Азии
Зерттеу мақсаты: Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы репродуктивті денсаулық қызметтеріне қол жеткізу кезінде трансгендер адам (ТГА) және бинарлы емес (БЕ) адамдар кездесетін психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және экономикалық кедергілер туралы деректерді жинау.Репродуктивті денсаулық саласында тәжірибесі бар ТГА және БЕ адаммен жартылай құрылымдық сұхбат жүргізілді.Жүктілік (Орталық Азиядағы аты аталмаған мемлекет), серіктесті ұрықтандыру үшін жұмыртқаны алу (Ресей),аборт (Қазақстан), болашақта бала туу үшін гормондық терапияны кейінге қалдыру (Ресей), етеккірді тоқтатуға дейін эндометриялық абляция (Грузия) және жасанды ұрықтандыру (Ресей) сияқты жағдайлар бойынша респонденттермен жалпы саны 6 сұхбат жүргізілді. Құжаттарында ер жынысты және еркектік келбеті бар ТГА гинекологиялық процедураларға жазылукезінде қиындықтарға және өзге науқастардың түсінбеушілігіне тап болады. Бюрократиялық қиындықтар мен емдеудегі төзімсіз жағдайларды болдырмау үшін ТГА және БЕ адамдар жеке клиникаларға жүгінуге мәжбүр. Бұл өз кезегінде үлкен қаржылық шығындармен байланысты. Бала туған еркек азаматтық жынысы бар ТГА туу туралы куәлікте әке ретінде жазылмайды.Респонденттердің ешқайсысы гормондық терапияны тоқтату/кідірту салдарынан гендерлік дисфорияны бастан өткермеген. Бір респондент феминизациялық гормондық терапияның тағайындалуына байланысты гендерлік дисфорияны бастан кешірді.Қорытынды. Сипатталған құқықтық кедергілерді азаматтық жынысына қарамастан барлық науқастарға гинекологиялық процедураларға қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы азайтуға болады. Репродуктивті денсаулық бойынша клиникалық нұсқауларға ТГА және БЕ адамдар үшін денсаулыққа қатысты компоненттерді енгізу қажет.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · С. 39-44
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2663-1768 · 2663-1776 · 2225-9929
- Издатель
- Salidat Kairbekova National Research Center for Health Development