Изучение опыта работы с химиопрепаратами специалистов сестринского дела в онкологических клиниках Казахстана
Зерттеудің мақсаты: Құзыреттілік деңгейлерін, химиотерапияны өңдеудегі қиын жағдайларды және жұмыс орнындағы қауіпсіздік жағдайларын анықтау үшін химиотерапияны жургізудегі мейіргерлік тәжірибені сипаттау.Әдістері. Бұл зерттеу сандық әдісті қолданатын көлденең секциялық дизайнда ұсынылады. Зерттеуге Қазақстан Республикасының 3 ірі клиникаларында тыныс алу, зәр шығару және асқорыту жүйесінің онкологиялық және онкогематологиялық аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсететін, химиотерапиялық препараттармен жұмыс істеу тәжірибесі бар мейіргер ісі мамандары қатысты. Осы 3 онкологиялық клиникада жұмыс істейтін мейіргер ісі мамандарынан жалпы саны 70 толтырылған сауалнама алынды. Жиналған деректер қатысушылардың білім деңгейін, жұмыс жүктемесін, жұмыс орнындағы қауіпсіздік жағдайын және химиотерапияны алатын науқастарға күтім жасау тәжірибесінің күрделілігін бағалау үшін STATA 14 статистикалық бағдарламалық құралы арқылы ұйымдастырылып, жіктеліп, кестеленіп, одан әрі статистикалық талдаудан өтті. Нәтижесі. Қатысушылардың басым бөлігінің химиотерапиялық препараттармен жұмыс істеу тәжірибесі аз, химиотерапиялық препараттармен жұмыс істеу бойынша арнайы оқу бағдарламадан өтпеген және өз мамандығы бойынша жас мамандар. Жалпы алғанда, қатысушылар химиотерапиялық препараттарды сұйылту шарттары, жеке қорғаныс құралдарын қолдану, препараттың зиянды әсері және оның алдын алу шараларын қолдану туралы білімін қанағаттанарлық деңгейде көрсетті.Сонымен қатар, химиотерапиялық препараттарды дұрыс тасымалдау мен қолдану нәтижесінде медициналық және науқастың биологиялық қалдықтарын кәдеге жарату үшін қажетті жағдайлар туралы білімінің жеткіліксіздігі анықталды. Қатысушылармен сұхбат жүргізілген ауруханаларда қызметкерлер арасындағы тәлімгерлік және әріптестік қолдау процесі жүзеге асырылады. Қатысушылардың пікірінше, химиотерапиямен жұмыс істеудің қиындығы емге байланысты жанама әсерлері бар науқастарға күтім жасауда. Бұның себебі мейіргердің жұмысының жоғары жүктемесі және химиотерапияның уыттылығы болып табылады. Қатысушылардың көпшілігі жұмыс орнындағы қауіпсіздік жағдайлары жоғары деңгейде қамтамасыз етілгенін атап өтті. Қорытынды. Осы зерттеудің нәтижелері мейіргер ісі мамандарының тәжірибесін көрсетуге және Қазақстан Республикасының бірнеше онкологиялық ауруханаларында химиотерапиямен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайын жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · С. 29-39
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2663-1768 · 2663-1776 · 2225-9929
- Издатель
- Salidat Kairbekova National Research Center for Health Development