Central AsianResearch Index

Анализ исследования основных факторов, влияющих на решение молодых специалистов о выборе места трудоустройства

Қазақстанның ауылдық аумақтары Денсаулық сақтау саласында медициналық кадрлардың тапшылығынатап болуда, бұл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасына әсер етеді. Қазіргі проблема медициналық мамандардың жоқтығымен ғана емес, сонымен қатар жас түлектердің ауылдық медициналық мекемелерге жұмысқа орналасуғақұлықсыздығымен де күрделене түседі.Көптеген зерттеушілердің пікірінше, ауылдық және медициналық инфрақұрылымның дамымауы, жұмысшыларғажүктеменің жоғарылауы, қолайсыз еңбек жағдайлары, демалу мүмкіндіктерінің болмауы және басқа аспектілер сияқты бірқатарфакторлар бар. Әлемде кадрлар тапшылығы мәселесің шешу үшін ауылдық жерлерде мамандарды тартуға және ұстап қалуға бағытталған стратегиялар белсенді әзірленуде және енгізілуде.Медицина қызметкерлерінің уәждемесі өзара байланысты факторлар кешеніне байланысты екенін ескере отырып, медициналық кадрларды тиімді тарту және ұстап қалу үшін әртүрлі іс-шараларды дұрыс үйлестіру қажет.Зерттеудің мақсаты. Бұл талдамалық жазба ғылыми негізделген және тиімді шешімдер қабылдау мақсатында денсаулықсақтаудың кадр ресурстары мәселелері бойынша саяси шешімдер қабылдайтын адамдарға, сондай-ақ білімді кеңейту мақсатындаденсаулық сақтау саласындағы мүдделі мамандар мен халыққа арналған.Бұл зерттеу медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының түлектерінің жұмыс орнын таңдауға әсер ететін әртүрлі аспектілерді зерттеді, осы аспектілерді түсіну еңбек жағдайлары мен ұсынылған әлеуметтік қолдау шараларын дәлірек бейімдеуге мүмкіндік береді. Бұл әртүрлі өңірлерде, соның ішінде ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге дайын білікті мамандардытарту және ұстап қалу үшін қажет.

Сведения

Опубликовано
2023 · С. 4-14
Язык
Русский
ISSN
2663-1768 · 2663-1776 · 2225-9929
Издатель
Salidat Kairbekova National Research Center for Health Development