Central AsianResearch Index

Применимость дистанционного взаимодействия для повышения эффективности оказания медицинских услуг в системе здравоохранения Республики Казахстан

Түйінді ойлар Заманауи технологиялар мен түрлі байланыс арналарының арқасында елдің медициналық ұйымдары пациенттерге қашықтықтан қызмет көрсету мүмкіндігіне ие. Медициналық көмектің қашықтықтан форматы келесі түрлерді көрсету үшін қолданылады: жедел медициналық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандандырылған медициналық көмек, медициналық оңалту. Қашықтықтан медициналық көмек көрсетудің міндеттері пациенттің шағымдары мен анамнез деректерін жинау, талдау, емдеу-диагностикалық және оңалту іс-шараларының тиімділігін бағалау, пациенттің денсаулық жағдайын медициналық бақылау болып табылады. Медициналық консультациялық қызметтердің қашықтықтан форматын кеңінен енгізу дәрігерді бетпе-бет қабылдау, ауруханаға жатқызу немесе жедел жәрдем бригадасын шақыру қажеттілігі туралы шешімдер қабылдауға, сондай-ақ емдеу-диагностикалық іс-шаралар жоспарын тағайындау мен түзету және тиісті бағыттарды, оның ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға рецептілерді қалыптастыру кезінде шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Қашықтықтан медициналық қызметтер көрсетуді, оның ішінде консультациялар нысанында медициналық ұйымдар уәкілетті орган айқындаған тізбеге сәйкес жүзеге асырады. Мәселе неде? Бекітілген қағидаларда қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және төлеу, қызметтердің қашықтықтан форматын жүргізу үшін байланыс құралдарын нақты айқындаудың және оларға қойылатын техникалық талаптардың болмауы; Көрсетілген қашықтықтан медициналық қызметтер көлемінің мониторингі және олардың нәтижелілігін бағалау үшін жиынтықталған есептік мәліметтердің болмауы; Шалғайдағы ауылдық елді мекендердің медициналық ұйымдарында инфрақұрылымның дамымауына, компьютерлік техниканың ескірген үлгілерін пайдалануға және интернет желісіне қолжетімділікті шектеуге байланысты медициналық қызметтердің қашықтықтан форматын көрсету мүмкіндігінің болмауы. Саясат нұсқалары 1-нұсқа. Қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету кезінде қолданылатын байланыс құралдарын регламенттеу бөлігінде тиісті нормативтік құқықтық актілерді өзгерту бойынша мемлекеттік қолдау. 2-нұсқа. Уәкілетті органның ел халқына көрсетілген қашықтықтан медициналық қызметтер үлесі бойынша нысаналы индикаторды бекітуі. Қолданыстағы ақпараттық жүйелерде көрсетілген қашықтықтан көрсетілетін қызметтердің құрылымы мен көлемі бойынша жиынтық деректерді қалыптастыру мүмкіндігін іске асыру. 3-нұсқа. Қазақстан Республикасындағы жергілікті жағдайлардың ерекшелігін ескере отырып, шалғай және аз қызмет көрсетілетін аудандарда қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін дамыту және кеңейту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қаржыландыруды қамтамасыз ету. Саясаттың нұсқаларын іске асыру жөніндегі пайым Саясаттың осы нұсқаларының әрқайсысы халыққа қашықтықтан медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыруға ықпал етуі мүмкін. Іс-әрекеттің бағыты, қолданылатын ресурстар мен әдістердегі нұсқалардың айырмашылықтарын ескере отырып, саясат нұсқалары мақсатқа біріктірілген іске асыруда айтарлықтай қол жеткізе алады.

Сведения

Опубликовано
2023 · С. 15-23
Язык
Русский
ISSN
2663-1768 · 2663-1776 · 2225-9929
Издатель
Salidat Kairbekova National Research Center for Health Development