Дозорный эпидемиологический надзор за ВИЧ-инфекцией среди беременных женщин Республики Каракалпакстан
АИТВ/ЖИТС бүгінгі күннің басты жаһандық денсаулық сақтау мәселелерінің бірі болып қала береді. Табысы төмен елдерде АИТВ/ЖИТС бала туатын жастағы әйелдер өлімінің негізгі үш себебінің бірі болып отыр.Зерттеудің мақсаты: Қарақалпақстан Республикасындағы жүкті әйелдер арасында АИТВ-инфекциясы бойынша бақылаушы эпидемиологиялық қызметтің көрсеткіштерін бағалау.Әдістері. 2011-2021-жылдар бойынша Қарақалпақстан Республикасы бойынша АИТВ инфекциясын жұқтырған және жүкті әйелдерге арналған эпидемиологиялық бақылау қызметінің көрсеткіштері зерттелді.Нәтижелері. АИТВ жұқтырған әйелдердің ұзақ мерзімді аурушаңдық деңгейінің ең жоғары көрсеткіші 2015 жылдан 2020 жылға дейін тіркелді. 2011-2021 жылдар аралығында 440 236 жүкті әйел АИТВ-ға тексерілді, 2014-2016 жылдары аурушаңдық жоғары болды. 2011 жылы АИТВ/ЖИТС жұқтыру деңгейі 100 000 халыққа шаққанда 13,4 болса, 2013 жылы - 100 000 халыққа шаққанда 14,1 болды, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 12,5 құрады. Кейін, 2021 жылға қарай АИТВ індетін жұқтырған әйелдердің саны тағы да арта түскен. Әйелдер, оның ішінде жүкті әйелдер арасында АИТВ-инфекциясы көрсеткіштерінің жыл сайын өзгеріп тұратыны анықталды. Сондай-ақ, өңірлердегі АИТВ-инфекциясын жұқтыру көрсеткішін саралай келе, аурушаңдық біркелкі емес екені анықталды.Қорытынды. Қарақалпақстан Республикасында АИТВ-инфекциясы әйелдер арасында көп екендігі, жұғу жыныстық жолмен берілетіні анықталды. Әлеуметтік жағдайына сәйкес ауыл тұрғындары арасында көбірек байқалады, репродуктивті жастағы жастар арасында ауруға бейімділік, эпидемиологиялық сипаттамалар мен антиретровирустық терапия критерийлері ұсынылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · С. 41-45
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2663-1768 · 2663-1776 · 2225-9929
- Издатель
- Salidat Kairbekova National Research Center for Health Development