Central AsianResearch Index

Түркология: ғылыми парадигмасы және пәнаралық сипаты

Мақалада түркологияның құрамына енетін гуманитарлық пәндердің өзарабайланысы мен кешенді (комплексті) сипаты талданады. Осы мақсатта түркологияныңғылыми парадигмалары және олардың тарихи ауысу кезеңдері тіл білімінің жәнефольклористиканың материалында өзара салыстырылып зерттелді. Нәтижесінде түркітілдері мен фольклоры туралы пәндердің ғылыми парадигмалары бір-бірімен байланыстадамығандығы анықталды. Сәйкестік саяси-әлеуметтік жағдайдың, тарихи дәуірдіңортақтығынан ғана емес, зерттеудің теориялық әдістемелік тұғырнамалары бойынша даорын алғаны байқалды. Тіл білімінің «Радлов кезеңі», Кеңес дәуірінің тілдерді жасақтаусаясаты (языковое строительство) және тілдерді тарихи салыстырмалы аспектідедүниежүзінің ғылыми тәжірибесіне сүйене отырып зерттеу сияқты дамудың үш кезеңіфольклористикада да белгілі дәрежеде қайталанды. Оның себебі фольклор ауызшасөйлеу қызметінің айрықша түрі ретінде тілдік құбылыстың заңдылықтарымен қарайласпайымдалды. Әлемдік антропология ғылымының дамуы алдағы уақытта бұл екі пәнніңөзара байланыста дамитынын көрсетті.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 1, № 2, С. 41-51
Язык
Казахский
ISSN
2664-5157 · 2708-7360
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University