Creative personality of professor Z.G. Bisengaly
Қазақ әдебиетін зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнол-Ғабден Бисенғали 1950 жылдың 21 қаңтарында Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Алға ауылында дүниеге келген. Ол 1967 жылы ҚазМУ-дің филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1972 жылы үздік дипломмен бітіріп шығады. 1978 жылы ҚазМУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасына, ғылыми-педагогтік жұмысқа Қазақ радиосындағы журналистік қызметте жинаған өмірлік, қаламгерлік тәжірибемен келді.Жастарға арналған хабарларында З.Бисенғали Қазақстан өміріндегі мәнді оқиғалар мен қоғам өміріндегі келелі мәселелерді қозғап, өскелең ұрпақтымазалаған сан түрлі сұрақтар мен ойларға басты назар аударды. «Өрендер» клубы мен «Естен кетпес ерлік беттері» атты бағдарламада замана сұрақтарына жауап іздей отырып, от пен судан өткен соғыс, еңбек ардагерлері мен белгілі қоғам қайраткерлерінің, көрнекті қаламгерлер мен өнер шеберлерінің әңгіме-сұхбаттарын пайдаланды. Олардың өмір жолы мен шығармашылығы туралы эссе, деректі әңгіме, очерктер жазады. Бұл материалдардың қайсысында да жетпісінші жылдар жастарына тән қасиеттермен қатар, жеке тағдырлар тарихы қозғалады, автордың өзіндік ойы, көзқарасы байқалып тұрады.
Сведения
- Журнал
- Turkic Studies Journal
- Опубликовано
- 2020 · Т. 2, № 1, С. 88-92
- Язык
- Английский
- ISSN
- 2664-5157 · 2708-7360
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University