Central Asian Research Index

Turkic Studies Journal, 2021, т. 1, № 1, с. 25-36

Historical and geographical research of the Turkic toponym Otukan

Қахар Барат

Аннотация · Abstract

Өтүкен тауы түркілер үшін олар қысқа мерзімге бас біріктірген 552-840 жылдараралығында әрі геосаяси, әрі рухани орталық ретінде қызмет атқарып, өздерінің Меккесісекілді болды. Зерттеушілер Өтүкеннің нақты орналасқан жері туралы ХІХ ғасырданбері пікір таластырып келеді. Біз Өтүкен туралы сөз ететін 22 Орхон түркі жазбаларынжинақтадық. Салыстыру әдісі арқылы біз олардың ежелгі Өтүкеннің тұтас Хангай тауларыболғандығы туралы жалғыз пайымды растауға жеткілікті екендігіне көз жеткіздік. Сондай-ақ Өтүкеннің аты аталатын сексеннен астам қытай жазбалары ұшырасады. Бұл маңыздытұжырымның Орхон түркілерінің тарихы мен қоғамы, сонымен қатар қоршаған өңірітуралы талқылаулар барысында маңызды рөл атқаратыны айқын. Іс жүзінде үш ғасырлықтүркі кезеңі бұл ұлы Алтай орталығының үш мың жылдық тарихының он пайызын ғанақамтиды. Хангайдың ерекшелігі сонда, оның Орхон алқабының кем дегенде алты рет –ғұндар, аварлар, түркілер, ұйғырлар, қидандар және моңғолдар үшін Рим сияқты болаалғандығында. Өз болмысын сақтаған бұл аймақты, оның бетіндегі кейбір жазуларды,бұғытастарды, балбалдарды және шөккен қабырғаларды суретке түсірген саяхатшыларданбасқа, біз де, археологтар да көп жағдайда ұмыт қалдырғанбыз.

Сведения · Details