Journal of Ecology and Sustainability, 2026, т. 154, № 1, с. 93-108
Жасыл технологияда фиторемедиацияны қолдану әдістерін зерттеу
Аннотация · Abstract
Қоршаған ортаның ластануы жаһандық экологиялық қауіп сипатына ие болды, қазіргі жағдай үкіметтің, ғалымдардың, жұртшылықтың алаңдаушылығын тудырды және экономикалық үрдістер барысында ластаушы заттарға айналған элементтердің табиғаттағы айналымының қарапайым және жеткілікті тиімді технологияларын жасау қажеттілігін туындатты. Бүгінгі күнге дейін белгілі қоршаған ортаны тазарту тұжырымдамасына ең сәйкес келетін әдіс фиторемедиация болып табылады, оның негізінде өсімдіктердің субстраттан радиоактивті немесе ластаушы элементтерді алудың гипераккумулятивті қабілеті жатыр. Осы ғылыми-зерттеу жұмысы фиторемедиация технологиясының негізгі элементтерін әзірлеуге бағытталған. Фиторемедиацияға қатысатын процестер табиғи жағдайда жүретіндіктен, ластанған аймақтар адамның араласуынсыз өсімдіктермен өзін-өзі тазартуға бейім және ластану деңгейі төмен аудандарда қолдануға жарамды. Жұмыстың негізгі мақсаты – ауыр металдармен ластанған топырақтарды фитоиндикациялау және фиторемедиациялау мүмкіндігін зерттеу, сонымен қатар фиторемедиация әдісін қолдана отырып, табиғи экологиялық тазартқыш өсімдіктерді зерттеу. Зерттеу барысында қазіргі заманғы ғылыми-техникалық, нормативтік, әдістемелік әдебиеттерге аналитикалық шолу жүргізілді, зерттеу бағдарламасы әзірленді, тиісті әдістемелер таңдалды, зертханалық және далалық жағдайларда тәжірибелер жүргізілді. Зертханалық және далалық тәжірибелердің нәтижелері талданды. Бірнеше далалық сынақтар Алматы қаласы және Алматы облысының ауа ортасын тазарту үшін Павловния өсімдігін пайдалану мүмкіндігін растады. Зерттеу нәтижелері тез өсетін Павловния ағашының көмегімен ауыр металдармен (кадмий, қорғасын, мышьяк және сурьма) ластанған жерлерде топырақ қабатын қалпына келтіруге болатынын көрсетеді. Фиторемедиация әдісінің барлық артықшылықтары мен шектеулері зерттеліп, эксперименталды түрде көрсетілді. Зерттеу нәтижелері ластанған топырақтағы қоршаған ортаға әсерді азайту үшін фиторемедиация әдісінің қолайлылығын анықтайды.
Сведения · Details
- DOI 10.32523/pz31qd44
- Журнал · Journal Journal of Ecology and Sustainability
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0