Ионометрия әдісінің көмегімен өсімдік сығындыларындағы бейорганикалық компоненттерді анықтау
Бұл ғылыми жұмыста ионселективті электрод көмегімен ионометриялық әдіс арқылы Қазақстанда өсетін өсімдіктер сығындыларындағы калий және натрий иондарының концентрациясы анықталды. Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан флорасында өсетін бірнеше өсімдік түрлері: Lythrum salicaria, Phragmites communis, Nonea pulla, Petunia hybrida, Verbascum thapsus, Parmelia sulcata және Achillea nobilis таңдалып алынды. Калий - жүйке импульстарының берілуін, бұлшықет тіндерінің жиырылуын, жүрек ырғағын, қышқыл-сілтілік және су-тұз балансын реттейтін негізгі макроэлементтердің бірі. Өсімдіктер үшін калий фотосинтез үдерісінде, ферменттердің белсенділігін арттыруда шешуші рөл атқарады. Натрий - адам ағзасындағы маңызды макроэлементтердің бірі, ол су-тұз алмасуын, қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті және осмостық қысымды реттеуде маңызды рөл атқарады. Натрийдің жетіспеушілігі сусыздану, әлсіздік, тері қабаттарының түсуі, жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Иондардың (K+, Na+) мемлекеттік эталондық үлгілерінің көмегімен стандартты ерітінділер даярланып, электродтың калибровкасы жүргізілді. Өсімдік үлгілерінен сығындылар даярланып, ондағы калий мен натрий иондарының концентрациялары анықталды. Алынған тәжірибелер үш рет қайталауда орындалып, орташа мән, стандартты ауытқу (σ), орташа стандартты қате (SE) және абсолюттік қате (Δ) сияқты көрсеткіштер есептелді. Зерттелген өсімдіктердің құрғақ массасындағы калийдің орташа массалық үлесі мәндері келесідей болды: Lythrum salicaria - 0,5511±0,0430 %, Phragmites communis - 0,4669±0,0784 %, Nonea pulla - 2,7933± 0,2437 %, Petunia hybrida - 1,8360±0,1632 %, Verbascum thapsus - 0,8010±0,0000 %, Parmelia sulcata - 0,0608±0,0100 %, Achillea nobilis- 6,1967±0,0573%. Натрий иондарының өсімдіктердің құрғақ массасындағы орташа массалық үлесі келесідей болды: Lythrum salicaria - 0,1853±0,0423 %, Phragmites communis - 0,0450± 0,0086 %, Nonea pulla - 0,3100± 0,0000 %, Petunia hybrida - 0,0220±0,0043 %, Verbascum thapsus - 0,6377±0,1391%, Parmelia sulcata - 0,0080±0,0000 %, Achillea nobilis - 0,7400±0,0000 %. Алынған зерттеу нәтижелерінен әртүрлі өсімдіктердегі калий мен натрий мөлшері айтарлықтай өзгеше болатынын көрсетті. Сонымен ионселективті электрод негізіндегі ионометрия әдісі өсімдік сығындылары құрамынан калий, натрий иондарының концентрациясын анықтауға мүмкіндік береді.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 156, № 3, С. 38-50
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-6771 · 2617-9962 · 3107-278X · 3135-209X
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University