Ғарыштық альтиметрия негізіндегі Алакөл және Сасықкөл көлдеріндегі су деңгейінің динамикасы (2016-2026 жж.)
Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесі Қазақстанның шығысындағы Балқаш-Алакөл ойысында орналасқан біртұтас гидрологиялық жүйені құрайды, Жетісу Алатауы мен Тарбағатай жоталарынан келетеін сумен қоректенеді. Дегенмен, қарастырылып отырған қос көлдің гидрологиялық режимі екі түрлі: Алакөл – ағынсыз ащы көл, ал Сасықкөл Қошқаркөл арқылы Алакөлмен байланысты негізгі суын Тентек өзенінен алатын ағынды тұщы көл. Осы жағдайларды ескере отырып қос көлдің су деңгейінің өзгеруін, олардың өзара байланысының ерекшеліктеріне баға беру гидрологиялық тұрғыдан ерекше маңызды. Зерттеу барысында DAHITI ғарыштық альтиметрия деректері қолданылды: 2016–2026 жж. Алакөлдегі виртуальді бекеттен (ID 14036) алынған 125 бақылау, 2002–2026 жж. Сасықкөлдегі виртуальді бекеттен (ID 229) алынған 796 бақылау жазбасы. Осы уақыт қатарлары «Қазгидромет» РМК Рыбзавод гидрологиялық бекеті арқылы тексерілді. Су деңгейінің трендтері Манн-Кендалл сынағы арқылы бағаланып, олардың өзгеру жылдамдықтары Тейл-Сен көлбеуінің көмегімен есептелді. Алакөл деңгейінің шамамен жылына 13,46 см (Манн-Кендалл сынағы τ = −0,511, p = 0,0466) төмендеп жатқаны анықталды. Жылы мезгілдегі медианалық су деңгейі 2016-2018 жылдардағы 350,7 м-ден 2022-2026 жылдары 349,9 м-ге дейін төмендеді, осылайша 0,86 м төмендеген болып шықты. Сасықкөл деңгейі төмендегенімен (2,13 см/ жыл) 2002-2026 жж. бақылау кезеңінде статистикалық маңызы бар монтонды үрдіс анықталмады. Осы нәтижелер Алакөлдің төмендеу фазасы Сасықкөлмен синхронды емес екенін көрсетті және регрессивті фазаның алғашқы ғарыштық дәлелі.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 156, № 3, С. 192-202
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-6771 · 2617-9962 · 3107-278X · 3135-209X
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University