Central AsianResearch Index

Манаш Қозыбаев – «қазақ тарихының Колумбы»: Ғылыми өмір шежіресі. Персонал.

Мақала Тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерделеуге алғаш қадам басқан, кәсіпқой мамандар арасында «қазақ тарихының Колумбы» атанған тарихшы-ғалым, академик Манаш Қозыбаевқа арналған. Манаш Қабашұлының жан-жақты портреті бүгіні мен ертеңі қолында отырған ұлттық мемлекетте «әзірше қазақтың көңілден шығатын тарихы жазылған жоқ», «тарихқа кездейсоқ адамдар араласып кетті» деген ойлар айтылып жүрген кезеңде қажеттілігін сездіріп отыр. Осы мәндес сұрақтардың туындау себептері мен олардың жауаптарын «ХХ ғасырдағы қазақ даласында жан-жақты ғылымдылығы мен мәдени танымдылығы жағынан феномен» атанған Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың еңбектерінен табуға болады. Көлемі жағынан шағын ғылыми мақалада ғұлама ғалым, тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың тұлғалы тарихшы ретіндегі портретін сомдап, толығымен оқырманға жеткізу мүмкін емес. Алайда, «қазақ халқының маңдайына біткен жұлдызы, тарихшы-ғалым, шешендігі бабаларына тартқан, халқының тәуелсіздігі мен болашағын қызғыштай қорғаған ой патшасы» Манаш Қозыбаев туралы ой қозғау кезегі келді.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 150, № 1, С. 152-164
Язык
Казахский
Цитирований
2
ISSN
3080-129X · 3080-6860
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University