Central AsianResearch Index

Religious particularism: causes and manifestations

Діни партикуляризм: себептері мен көріністері

Мақалада партикуляризм ұғымы, оны діни топтар мен дін ұста- нушылардағы көрінісі талданған. Діни партикуляризмнің алғышарттары, дін ұстанушыдан өзгелерден діндар болуды талап етушіге айналу үдерісі көрсетілген. Әсіредіншілдіктің күшеюіне діни топтардың ықпалы, топта- су құбылысының, жалпы топтық санадан тобырлық санаға өтудің, оның діндарлыққа әсері талданған. Ақиқатты монополиялаудың себептері мен нәтижесі – әлеуметтану және дін әлеуметтануы зерттеушілерінің тұжы- рымының негізінде талданған. Партикулярист санадағы топтар мен тұлғалардың қандай ұстаным көрсететіні жеке-жеке сарапталған. Діндар- лар қандай дінді немесе бағытты ұстанса да партикулярист діни түсінік- тен аулақ болып, плюралистік дін түсінігін ұстануының маңыздылығы көрсетілген. Теологтар тарапынан дін – жақсылық пен бейбітшіліктің ор- дасы ретінде сипатталады. Функционалист теоретиктер де дінді қоғам- дық интеграцияның қуатты құралы ретінде көреді және шынайы адамзат қоғамын ынталандыратын ғаламдық мәдениеттің маңызды тірегі екенін айтады. Алайда діннің ұстанушыларының бойындағы көрінісі қоғамда қарама-қайшы пікірлер тудырады. Бұл құбылыс өз кезегінде тұлғалық келіспеушіліктің топтық келіспеушілікке айналуына жол ашады. Бұның ең басты себептерінің бірі де діни партикуляризм. Мақалада дінді меншік- теуден, өзгелерді шеттетуден бас тарту, толерантты ұстаным осы мәсе- лені шешудің бірден бір жолы екендігі көрсетілген.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 150, № 1, С. 107-116
Язык
Английский
ISSN
2616-7255 · 2663-2489 · 3080-1281 · 3080-6895
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University