Органикалық өнімдер нарығы: тенденциялар және даму перспективалары
Мақалада органикалық өнімдердің әлемдік нарығының қазіргі жағдайы қарастырылады. Органикалық өндірістің даму тенденциялары әлемнің 190-нан астам елінде өзекті болып табылады және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді, өйткені, органикалық өнімдер әртүрлі объективті себептерге байланысты халықтың көптеген топтарында сұранысқа ие. Дамыған елдерде экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығы қарқынды дамып келеді. Бұл нарықтың әлеуеті өте үлкен, оның даму көлемі мен динамикасын сипаттайтын сандар – оған дәлел. Бұл мақалада органикалық өнімдерді өндіру және сату бойынша көшбасшы елдердің негізгі көрсеткіштері, органикалық өндірістердің әлемдік нарығы, сонымен қатар органикалық өнімдерді өндірудегі негізгі мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты қазіргі жағдайда әлемде аграрлық өндірісті дамытуды жетілдіру бойынша теориялық, ғылыми-әдістемелік ережелер мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады. Мақаланың ғылыми жаңалығы әлемдегі органикалық шаруашылықтың негізгі көрсеткіштерін талдай отырып, лидер-елдерді анықтап, әлемдегі органикалық нарықты бағалай отырып, ұсыныстар беру болып табылады. Экономикалық талдауда статистикалық көрсеткіштерді салыстырмалы талдау, диаграммалар мен кестелерді құру әдістері қолданылды.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 3, С. 67-77
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2079-620X · 2617-5193 · 2789-4320 · 2789-4339
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University