Ларс Йохансонның түркітану салаcындағы іргелі теориялық тұжырымдамалары
Ғылым докторы, профессор Ларс Йохансон – әйгілі ғалым, ғылымның көрнекті ұйымдастырушысы, лингвистика, тілдік типология және түркітану саласындағы алдыңғы қатарлы мамандардың бірі. Ол Еуропалық типологиялық мектептің негізін салушылардың және жетекшілерінің сапынан орын алып, түркі тіл білімінің түркітанудағы дербес ғылыми бағыт ретінде орнығуына үлкен үлес қосты. Лингвистикалық идеяларының ауқымдылығы мен болжамдар жасаудағы батылдығы оның бірқатар іргелі еңбегінде көрініс тапты. «Түрік тіліндегі аспект категориясы» (Aspekt im Turkischen, 1971) және «Түркі тілдік байланыстарының құрылымдық факторлары» (Structural Factors in Turkic Language Contacts, 2002) монографиялары түркі тіл білімі мен типологиялық теорияның дамуына зор ықпал етті. «Еуропа тілдеріндегі аспект категориясы» (Aspect in the languages of Europe, 2023) атты іргелі еңбегі түркі тілдеріндегі етістік түрін зерттеудің өзіндік қорытындысына және сонымен қатар әртүрлі жүйедегі тілдердің аспектуалдық типологиясы үшін теориялық-әдіснамалық тұғырға айналды. Профессор Л. Йохансон салыстырмалы-типологиялық, ареалдық және мәдени сипаттамаларды ескере отырып, түркі тілдерін диахрондық және синхрондық қырларынан жан-жақты пайымдады. Ғалымның етістік түрі, эвиденциалдылық, жойылып бара жатқан түркі тілдерінің проблемаларын зерттеу саласындағы ой-пікірлері оның классикалық іргелі еңбектеріне негіз болды. Эвиденциалдылық түрлерін зерттеу Л.Йохансонның ғылыми қызметінде жетекші орын алады. Ол түркі тілдеріндегі эвиденциалдылықты зерттеудің теориялық-әдіснамалық базасын жасап берді. Эвиденциалдылық сөйлеушінің ақпарат көзіне деген қатынасын көрсететін айтылым параметрлерінің бірімен байланысты. Тілдік байланыстар тұжырымдамасы «Кодты көшіру. Тілдердің қабылдаушы және тасымалдаушы тұрпатындағы әлеуеті» (Code Copying. The Strength of Languages in Takeover and Carry-over Roles, 2023) атты монографиясында жүйеленді. Кодты көшіру (code copying) моделі тілдік байланыстарды сипаттауда теориялық тұрғыдан маңызды тәсіл болып табылады, ол тек лексиканы ғана емес, морфологияны, синтаксисты, семантика мен прагматиканы да қамтиды. Ғалымның зерттеулерінде сипатталған идеялар мен болжамдар көптеген жас зерттеушілерге әрі қарай өз ғылыми жетекшілерінің ойларын дамытуға және жалғастыруға серпін берді. Л.Йохансонның жетекшілігімен орындалған көптеген диссертациялар түркі тілдеріндегі жойылып бара жатқан түркі тілдерінің грамматикалық құрылымын, аспектуалдықты, тілдік байланыстарды зерттеуге арналды Профессор Л. Йохансонның бастамасымен 1997 жылдан бастап түркі тіл білімі мәселелеріне арналған Turkic Languages (Түркі тілдері) журналы ұйымдастырылды Л.Йохансонның редакциясымен электрондық форматта «Tүркі тілдері мен лингвистикасы эциклопедиясы» (Encyclopedia of Turkic Languages and Linguistics, 2023) ғылыми еңбегінің негізгі тараулары әзірленіп, жарияланды, сондай- ақ «Түркі тілдері» (The Turkic Languages, 2021) классикалық анықтамалық еңбегінің қайта өңделген және толықтырылған екінші басылымы жарыққа шықты.
Сведения
- Журнал
- Turkic Studies Journal
- Опубликовано
- 2026 · Т. 8, № 2, С. 242-262
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2664-5157 · 2708-7360
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University